Астанада күрес түрлері бойынша өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық Эльмира Сыздықова (76 келіге дейін) қырғызстандық Айпері Медетқызын таза ұтып, екі дүркін Азия чемпионы атанды , - деп хабарлайды Massaget.kz.Қазақстандық "сары құрлық бәсекесін" ширек финалдан бастады. Алғашқы белдесуінде өзбекстандық Озода Зарипбаеваны мерзімінен бұрын ұтты. Сосын жартылай финалда қытайлық Хуан Вангті ұпай санымен жеңді.