Еліміз жаңа экономикалық модельге көшу қажет

Президент Павлодар облысына жұмыс сапары барысында еліміздің жаңа экономикалық модельге көшу қажеттігін мәлімдеді.Мемлекет басшысы қыркүйек айында жарияланатын Қазақстан халқына Жолдауында елдің экономикалық саясаты туралы өзінің көзқарасын баяндауды жоспарлап отыр: «Біз мүлдем жаңа бағытқа көшу үшін Қазақстанның экономикалық дамуына тың серпін беруіміз керек. Жауапты тарихи сәт келді. Демек Қазақстан экономикасы да қазіргі деңгейде қала алмайды. Сөзсіз солай боларына сенімдімін. Үкіметтің міндеті – тиісті ұсыныстар беру. Бұл – бірінші. Екіншіден, осы ұсыныстарға сәйкес дайындалатын жоспарларды іске асыруға кепілдік беру. Бірақ мен жаңа экономикалық модельді іске асыруға және дайындауға қатысты көзқарасымды жасырмаймын. Жақында Жоғары экономикалық кеңестің отырысын өткіздім. Ашығын айтқанда, сол жиында отандық экономистерді сынға алдым. Менің ойымша, олар істі соңына дейін жеткізе алмайды. Креативтілік жоқ. Біздің және жалпы мемлекеттің алдында тұрған міндеттерді түсінбейді. Халық бізден нақты шешімдер күтеді, өйткені ең өзекті мәселелерді шешу қажет. Халқымыздың лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету еліміздің экономикасының даму тұжырымдамасына қатысты біздің ұстанымымызға тікелей байланысты. Мұны түбегейлі шешімдерсіз еңсеру қиын. Біз еліміздің экономикалық дамуына тың серпін беруге бағытталған осы өте маңызды жұмысқа бірге кірісуіміз керек», - деді Мемлекет басшысы.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстандықтар туу туралы куәлікті ХҚКО-ға бармай-ақ ала алады
«Өзін гүл жеткізетін курьермін деп таныстырады»: Қазіргі алаяқтар – талантты актерлер
Елімізде студенттерге арналған стипендия мөлшері екі есе артады
Журналистика ардагерлеріне жаңа ақпараттық технологиялар таныстырылды
Алматы соты 12 жасар қызды ұшаққа отырғызбай қойған Fly Arystan компаниясына өтемақы төлеуді міндеттеді
2 жасар қыз 135 магниттік шарды жұтып қойды
Қазақстандық талантты футболшыға Еуропа клубтары қызығып отыр
Бүгін – Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының құрылғанына 99 жыл толды
Есірткі зертханасын ұйымдастырушылар сотталды
Бүгін Туринде қысқы универсиаданың ашылу салтанаты өтеді
Маңғыстауда есірткі жарнамасымен айналысқан екі күдікті ұсталды
«Жыры бітпей кетті»: Қайрат Нұртастың әйелі басына түскен қиындықтарын айтты
Астаналық жас синхронистер Дубайда өткен халықаралық жарыстарда жеңіске жетті
“Бортсеріктің ішінен ұрған“. Полицейлер Астана әуежайындағы оқиғаға қатысты түсінік берді
Құдай сазайыңды берсін: Белгілі блогер жанайқайын жеткізді
Шымкентте мәйіті табылған әйел оқиғасына қатысты жаңа дерек шықты
Ғалымжан Мұстафаев жаңа қызметке тағайындалды
Қазақстан Армиясы Орталық Азиядағы ең әлеуеті жоғары әскер атанды
Атырау мұнай өңдеу зауытының құбырындағы ақау жөнделді
Алматыда троллейбус жас жігітті қағып өлтірді (ВИДЕО)
Павлодар облысында қуаттылығы 3,5 тонна құс фабрикасын кеңейту жобасы жүзеге асырылды
Зейнетақымды алсам, арманым жоқ: 71 жастағы әжей алғаш рет жеке куәлік алды
Тоқаев БАӘ президентімен кездесуде қандай мәселені талқылады
Әскер балуандары Астанадағы "Дала қырандары" турнирінде чемпион атанды