Елімізде 1 мамырдан бастап жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады. Бұл туралы бүгін үкіметте өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлімдеді. Жаңа бағдарлама халықтың осал тобына арналған. Сондықтан мөлшерлеме 7 пайыздан аспайды. Министр бағдарламаның толық шарттарын 1 мамырда жариялаймыз деді. Қанат ШАРЛАПАЕВ, ҚР ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС МИНИСТРІ:Бағдарламаның мақсаты үшін қазір "Отбасы банкі" 300 миллиард теңге тартуда. Бұл – бағдарламаның жалпы мөлшері. "Отбасы банкі" осы салада ұзақ уақыт бойы жұмыс істеп келеді және ипотеканы бөлу тұрғысынан өзін жақсы дәлелдеді.