Елімізде 11 жастан асқан қыздарға HPV-ға қарсы екпе салынады

Биыл 170 мыңнан астам қыздарға жатыр мойны обырының аурушаңдығына қарсы екпе егіледі, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.Бұл туралы «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалының директоры Айнагүл Қуатбаева мәлімдеді. Жатыр мойны обыры қазақстандық әйелдерде жиі кездесетін онкологиялық аурулардың бірі болып саналады. Сонымен қатар, бұл – адам папилломавирусына (HPV) қарсы вакциналау арқылы алдын алуға болатын жалғыз қатерлі ісік. Көп жағдайда жатыр мойны обырының дамуына HPV себеп болады. Осы жылы 11 ден асқан 170 мыңнан астам қыздарға HPV-ға қарсы екпе салынады. Бұған дейін ата-аналардың рұқсатымен 17 925 қызға екпеге сынама жасалды. Жағдайлары өте жақсы. Қыздардың 90%-ы 15 жасқа дейін HPV вакцинасымен егілуі керек (ұлдарға да салу ұсынылады). Әйелдердің 70%-ы 35 жасында және 45 жасында жоғары тиімді тест арқылы скринингтен өтуі керек, - дейді Айнагүл Қуатбаева. Ал Қазақстанның бас штаттан тыс онкологы Диляра Қайдарова HPV-ға қарсы екпенің ерекше тұстарына тоқталып, екпенің қай елдерде салынып жатқанына тоқталып өтті. HPV вакцинасы АҚШ, Канада, Израиль, Катар, БАӘ, Ұлыбритания, Германия, Австрия, Швейцария, Франция, Австралия және Жапонияны қоса алғанда, әлемнің 100-ден астам елінің ұлттық иммундау бағдарламаларына енгізілген. HPV-ге қарсы вакциналау Өзбекстан мен Түрікменстан сияқты көрші елдерде де жүргізіледі. Әлемнің 42 елінде қыздарды да, ұлдарды да вакциналаумен гендерлік бейтарап тәсіл енгізілді. АҚШ-та 2015-2018 жылдар аралығында әйелдер арасында АПВ-ның 4 түрінің таралуы 14-19 жас аралығындағы әйелдер арасында вакциналауға дейінгі кезеңмен салыстырғанда 88%- а, ал 20-24 жас аралығындағы әйелдер арасында 81%-ға төмен болды, - деді Диляра Қайдарова. Ресми мәліметтерге сәйкес, Австралияда Австралияның Ұлттық вакцинация бағдарламасы енгізілгеннен кейін 9 жыл өткен соң, 18-35 жас аралығындағы әйелдерде HPV-нің 4 түрінің таралуы 90%-дан астам көрсеткішке төмендеген.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Егеменнің елдік жолы»: басылымға – 105 жыл
Көркемдік жетекші және оның жаңа жобасы
Маркус Тюрамға бірнеше команда қызығушылық білдірді 
Ақтөбе облысында алимент төлемегендерге қылмыстық іс қозғалды
«Тамаша» туралы тамаша тарту
«Таза Қазақстан»: эко ғана емес, сана тазалығы
«Егеменнің елдік жолы»: басылымға – 105 жыл
«Бывшыйым» артымнан қалмайды»: Коуч қыздарға абьюзер жігіттерден қалай құтылуды үйретті
“Жалған құжаттар жіберіліп жатыр“. ҚҰБ ескерту жасады
Орталық Азия елдерінің ортақ диалогы
Астанада желілік мұз айдыны қашан ашылатыны белгілі болды
Өңірлер қуатты болса, мемлекет мықты
Ауыр атлетика: Артем Антропов – әлем чемпионы
Семейде Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші ашылды
Отшашуға толы Mercedes Benz жүк көлігі өртенді
«Ақшаға таласыпты»: Сырым Исабаев Қайрат Нұртас туралы шындықты айтты
World Boxing Астанада әлем чемпионатын өткізетін болды
5 пәкістандық шекарадан заңсыз өткені үшін сотталды
Күн аяздап, көктайғақ болады. Демалыс күндеріне ауа-райы болжам қандай?
Оққағарлар
Артем Антропов ауыр атлетикадан әлем чемпионатында алтын медаль иеленді
Ақтөбе облысы бойынша 2025 жылдың жоспары айтылды
Қазақстан спортшысы Артем Антропов ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды
Көркемдік жетекші және оның жаңа жобасы