Елімізде 12 миллионға жуық сайлаушы бар

Елімізде 12 млн-ға жуық азамат сайлауға қатысып, дауыс бере алады. Сондай-ақ, Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлауға 7 саяси партия қатыса алады. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында айтылды. Толығырақ тілшіміз Әсел Дүкембаева тарқатады.Әсел ДҮКЕМБАЕВА, ТІЛШІ: Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлауға қатыса алатын партиялар тізімін жариялады. Қазіргі таңда 7 саяси партия тіркелген. Олар: Ақ жол, «Amanat», «Ауыл» , «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия», «Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы мен «Respublica» қоғамдық бірлестігі. Айта кету керек, 69 депутат партиялық тізім бойынша, 29 депутат бір мандаттық аумақтық округ бойынша сайланатын болады. Алма МҰҚАНОВА, ҚР ӘДІЛЕТ ВИЦЕ-МИНИСТРІ: Сайлау туралы Конституциялық заң талаптарына сәйкес партиялық тізімдер бойынша 70% сайланатын партиялар кандидаттарын ұсыну тек саяси партияларға тиесілі. Қазіргі таңда Қазақстанда 7 саяси партия тіркелген және жұмыс істеп отыр. Барлық саяси партиялардың жарлығында партия мәжіліс, мәслихат депутаттығына кандидат ұсыну көрсетілген. Саяси партиялық тізімге енгізілген адам бір мандаттық сайлау округі бойынша ұсынылуға құқығы жоқ.Комиссия отырысында сайлау заңнамасының жаңа өзгерістері туралы комиссия мүшесі Асылбек Смағұлов баяндады. Айтуынша, сайлау жаңа форматта өтетін болады. Асылбек СМАҒҰЛОВ, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Жаңа қағидаттар бойынша Мәжіліс депутаттары біртұтас жалпы округтік аумағы және бір мандаттық округтер бойынша сайланады. Сайлау округінің шекараларын тиісті сайлау комиссиялары айқындайды. Сайлау округінің аумағында орналасқан мемлекеттік ұйымдар мен органдардың сайлауға дайындығы мен өткізу мәселелі жөніндегі есептерін тыңдауға құқылы. Комиссия мүшелерінің айтуынша, сайлаушылар тізімімен жұмыс істеуді арнайы заң реттейді. Биылғы науқанға 12 млн-ға жуық азамат дауыс бере алады. Константин ПЕТРОВ, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: 19 наурызда елімізде Мәжіліс және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді. 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республикадағы белсенді сайлаушылар тізіміне құқығы бар 11 976 406 азаматты енгіздік. Олар алдын ала учаскелер бойынша бөлінген. Сонымен қатар айта кетерлігі, бұл жұмысты жергілікті атқарушы органдар жүргізеді.Енді қоғам белсенділеріне бақ сынауға толық мүмкіндік бар. Уақытта жетеді. Олар партиядан бөлек, өз-өзін ұсына алады. Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес, сайлаушылар тізімін жасау жергілікті атқарушы органдар қызметіне жатады. Сонымен қатар бұл процеске әр азаматтың қатысуы маңызды. 19 наурызда өтетін Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын кезектен тыс сайлауына кандидаттарды тіркеу басталды. Кандидаттарды ұсыну 20 қаңтарда басталып, 8 ақпанда аяқталады. Кандидаттарды тіркеу мерзімі 18 ақпан Астана уақытымен кешкі сағат 18.00-де бітеді. Ә. Дүкембаева

Читать источник astanatv.kz/kz/
Аса ірі алаяқтық жасады деген күдікті Ресейден экстрадицияланды
Елена Рыбакина Дубайдағы әлемдік турнирде жеңімпаз атанды
Шырша орнатамын деп құлаған мұғалімнің жағдайы туралы айтылды
«Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді
“Ордабасыға” бас бапкер тағайындалды
Жемістердің кейбір түрлері қатерлі ісік ауруының өсуіне ықпал етуі мүмкін
Алматыда 1983 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан құбыр ауыстырылды
Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, 2024 жылғы қарашада тұтыну бағалары 0,9% өскен
Жыл қорытындысы: «Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді 
Боран соғып, көктайғақ болады
Қостанайда сырғанақ кезінде бес бала ауруханаға түсті
«Заңды өрескел бұзу»: Асхат Аймағамбетов Семейдегі мұғалім оқиғасына қатысты пікір білдірді
“90-жылдардағы бандит“: танымал продюсер күйеуі туралы айтып, жан сырын ақтарды
«Күйеуім крутой, спортшы болды»: Гүлнұр Мамасарипова 31 жыл бұрынғы сырын айтты
5 жылдан кейін еліміздің транзиттік тасымалы қалай өзгереді
Алдағы үш жылда тағы 257 локомотив жеткізіледі – Марат Қарабаев
28 жылдан бері қолданылып келе жатқан ескі вагондар әлі бар - депутат
Қазақстан аумағында 13 халықаралық дәліз жұмыс істейді
Алматы стадионының экс-басшысы Бауржан Жұмажанов: “Менің шындығым“
3,7 млрд теңге жымқырған есепші Ресейден елге қайтарылды
Мүгедектігі және асыраушысынан айырылғандарға шамамен 633,4 млрд теңге төленді
Көкшетаулықтар 55 шет ел көлігін заңсыз тіркеген
Ресейден Қазақстанға өзбекстандық экстрадицияланды
Испанияда жүлде қоры €2,7 млрд лоторея ойнатылып жатыр