Елімізде 13 мыңға жуық мигрант еңбек етіп жүр

Елімізде 13 мыңға жуық шетел азаматы ресми еңбек етеді. Заңға сәйкес оларды 4 түрлі санат бойынша жұмысқа тартуға рұқсат. Бірінші санатқа, яғни, басшылық қызметке 565 адам шетелден келген. Құрылымдық бөлімшелердің жетекшілігіне 2671 мигрант тартылған. 5871 салалық маман мен 595 білікті жұмысшы шекара асып келген. Сондай-ақ, маусымдық жұмыстарға – 564, корпоративтік ауыс-түйіспен 2616 шетел азаматы еңбек етіп жүр. Мәди ӘЛЖАН, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСҚАРМА ЖЕТЕКШІСІ: Мигранттар көбіне Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау мен Алматы, Астана қалаларына тартылады. Еңбек кодексіне сәйкес шетелдіктер мен ел азаматтары бірдей қызмет етсе, жалақыларында ешқандай айырмашылық болмайды. 10 жыл бұрын елге келетін шетелдік жұмыс күші 3 есе көп болатын. Қазір квота тек 22 мың адамға ғана беріледі. Біздегі мигранттардың 80 проценті интеллектуалды салада еңбек ететін жоғары білікті мамандар. Мигранттар негізінен құрылыс, өңдеу, тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу саласында жұмыс істейді. Ал кәсіби, ғылыми және техникалық қызметке келгендерінің үлесі 6,5 процент. Ауыл, орман және балық шаруашылығында 600 өзге ел азаматы тер төгуде. Еңбек мигранаттары негізінен Қытай, Үндістан, Түркия және Өзбекстан мемлекеттерінен келеді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қостанайда жас әйел екі күн бойы боранда адасып жүрген
Мұнар да мұнар, мұнар күн...
Фристайлдан әлем кубогы өтеді
Медғат Өмірәлиев, актер, Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі: Режиссерді сырттан шақыруға мәжбүрміз
Әлемдік нарықта мұнай бағасы күрт өсті
Импорт алмастыру да инфляцияға тосқауыл
Қыста неліктен қайызғақ пайда болады? Дәрігер жауап берді
Ақтөбеде Амангелді Айталы тұрған үйдің қабырғасына ескерткіш тақта орнатылды
Төрт қалада ауа ластанады
Демографияны көтеретін – жастар
“Болашақ“стипендиясына құжат қабылдау қашан басталады?
Тұңғыш инженердің үйі
Мұнар да мұнар, мұнар күн...
Маңғыстауда колледж бухгалтері 243 млн теңгені жымқырған
Ел құрамасы қылышпен семсерлесуден Тунистегі гран-при кезеңіне қатысады
«Қатты қысылдым»: Қазақ жігіті Италияда тырнақ әрлеп, табыс тауып жүр (ВИДЕО)
Сапалы спорт мамандары тапшы
Банктерден ескерту: 13 қаңтардан бастап жаңа стандарт іске қосылады
Тасқын алдындағы Атырау
Павлодардағы кітап көрмесі
Абай облысында түн ішінде монша өртенді
Қостанайда жас әйел екі күн бойы боранда адасып жүрген
Фристайлдан әлем кубогы өтеді
Түркістан облысында 110 жастағы қарияға төлқұжат берілді