Елімізде 13,5 мыңнан астам шетел азаматы жұмыс істейді

Елімізде 13 жарым мыңнан астам шетел азаматы жұмыс істейді. Еңбек мигранттарының дені Түркия, Қытай, Өзбекстан, Үндістаннан келген. Олар қай салаларда еңбек етіп жатыр? Тілшіміз айтады. Uche Njoku Астана қаласындағы мектептердің бірінде ағылшын тілінен сабақ береді. Оның Африкадан келгеніне екі жыл болыпты. Айтуынша, шетел азаматтары үшін, Қазақстанға келіп жұмыс істеуге жол ашық. Uche NJOKU, АҒЫЛШЫН ТІЛІ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ: Қазақстанды таңдауымның себебі ағылшын тілі мұғалімдеріне сұраныс бар екенін байқадым. Қазақстанда көптеген адамдар балаларының ағылшын тілін шет тілі ретінде үйренуін қалайды. Сондықтан мұғалімдерге үлкен қажеттілік бар. Бұл осында келуіме себеп болды. Балалардың ағылшын тілін жетік меңгеруіне өз үлесімді қосқым келеді. Мигранттардың басым көпшілігі құрылыс, тау-кен өнеркәсібі, балық шаруашылығы, ғылыми және техникалық қызмет саласында жұмыс істейді. Айта кетерлігі шетел азаматтарына белгіленген 20 мыңнан астам квота жыл сайын қысқаруда. Ерлан РАЙҒАНИЕВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 22 мың квота белгіленді. Өткен жылмен салыстырғанда 1% болып табылады. Не болмаса 250 бірлік күшінде қысқартылған. Жыл сайын бұл квота қысқартылуда. Өйткені мемлекет басшысы сайлауалды бағдарламасында шетелдік жұмысшылардың квотасын қысқарту міндеті алдымызда тұр. Елімізде 450 мың Қазақстан азаматы жұмыссыз болып тіркелген. Солар жүргенде, өзге мемлекеттен келетіндер не істеп жатыр деген сұрақ тууы мүмкін. Алайда, сарапшылар шетел азаматтарының келуі отандастарымызды жұмыссыз қалдырады деген сөз емес дейді. Сапарбай ЖҰБАЕВ, ЭКОНОМИСТ: Шетелден 13000 адамды ресми шақырғанымыз. Біздің 500 мың жұмыссыздарымызға әсер етеді деу ешқандай қисынға келмейтін әңгіме. Шетелдік мамандарды шақыратын болса оны қолдауымыз қажет. Ешқандай қарсылық көрсетпестен. Өндіріс ашылатын болса 90-95% шетелдіктер жұмыс істейді деген талап бар. Сол талапты бұзбаса болды. Биыл көші-қон заңын бұзғаны үшін 9800 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1 мың адам елден шығарылған. Заңды бұзғандардың басым бөлігі – Өзбекстан азаматтары. Жыл басынан бері Өзбекстанның 1 млн 73 мың азаматы елімізге келсе, 982 мыңы елден шығарылған.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Әлем чемпионын өз сыныптасы пышақтап кеткен
Волейболдан Қазақстан чемпионатында сенсация тіркелді
Такси жүргізушісі қылмысты ашуға көмектесті
Екі банктің байқауының жеңімпазы бір адам болып шықты
Паралимпиада чемпионы Давид Дегтярев үйленді
Алматы мен Қарағанды қалаларында үстел теннисінен ашық командалық чемпионаттың қорытынды кезеңі өтеді
2024-2028 жылдарға арналған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын іске асыру барысы қаралды
Алматыда шетел азаматы жолаушыларды заңсыз тасымалдаған
Алматыда «Біз қалай сөйлейміз?» кітабының тұсаукесері өтті
Қазақстанда жеке тасымалдаушыларға күнделікті медициналық және техникалық тексеруден өту бойынша жаңа талаптар күшіне енеді
Дубайда семсерлесуден Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиыны аяқталды
2025 жылдың 2-тоқсанында «Штадлер Қазақстан» зауытында жолаушылар вагондары өндірісі іске қосылады
Алматыда заңсыз sim-box құрылғысымен шетелдік азамат ұсталды
Елімізде тәртіпті бұзған алты судья қызметінен босатылды
Алматы облысында алаяқтардың 200-ден астам сайты бұғатталды
Сенатор Нұрия Ниязова: "Медеу" мұз айдынына ерекше мәртебе берілуі тиіс
Қазақстанда жеңілдетілген әйелдер ипотекасы қайта іске қосылады
Қазақстан Bayraktar өндірісін қолға алмақ
Euronews: Ақтау маңындағы ұшақ апатына зымыран себеп болды
Қаңтар оқиғасы: Викрам Рузахуновты азаптаған полицейлерге үш жыл жаза сұралды
Атырауда арнаулы әлеуметтік қызметтер орталығының директоры сотталды
Диқандарға тікелей астық сатып алу бағдарламасы бойынша 3,4 млрд теңге төленді
Қоғамдық орындарда хиджаб кигендерге айыппұл салынуы мүмкін
Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты