Елімізде 20 мыңға жуық адам есірткіге тәуелді

Елімізде 20 мыңға жуық адам есірткіге тәуелді. Оның дені- ерлер. Ал 18 бен 29 аралығындағы жастардың- 15%-ы нашақор. Бұл-алаңдатарлық статистика. Әсіресе, жастардың есірткіге елтіп бара жатқанын айтып мамандар дабыл қағады. Оған не себеп? Емделуге келгендермен қандай жұмыстар жүргізіледі? Тілшіміз айтады. Айдана ҚАЙРАТ, ТІЛШІ: Басым ауырып барады, не істесем екен? Сатып алатын ақшам да жоқ, қайдан тапсам екен? Бұл есірткіге тәуелділіктен қалай құтылуға болады? Бұл- есірткінің ілмегіне ілінген жандардың жанайқайы 52 жастағы Ерлан да сау адамдарша өмір сүруді ұмытқан. Есірткіні 32 жыл бойы қабылдапты. Басыма түскен проблемаларды сонымен ғана жеңуге тырыстым дейді. Ерлан ҚАЛА, ТҰРҒЫНЫ: Жоғарғы білімім бар. Ең алғашында опиумнан бастадым, үшінші рет қабылдағанымда тәуелді екенімді түсіндім. Опиумнан соң героин пайда болды, героин дәуірі біткен соң травмадол заманы басталды. Қазір есірткіні таблетка түрінде пайдаланады. Есірткі пайдалану барып тұрған азап. Қазір орталыққа келіп тәуелділікпен күресіп, денсаулығымды қалыпқа келтірудемін. Ал Даниярдың жасы небәрі 22-де. Есірткіні пайдалануды 18 жасында бастаған. Бұған себеп- өміріндегі қиыншылықтар, ата-анасы тарапынан болған сенімсіздік, сонымен қатар оқу үлгерімінің нашарлауы. Ақшасы таусылғанда ұрлық жасап, түрмеге де түскен. Данияр ҚАЛА, ТҰРҒЫНЫ: Мен алғашында жұмыс істейтінмін, үнемі ақшам болатын. Уақыт өте келе жұмыс істеуді қойдым. Есірткі үшін ата-анамнан ақша ұрлай бастадым. Өзіме өзім есеп беруден қалдым, өзгелерден де ақша ұрлай бастадым. 10 айға түрмеге қамалдым. Оңалту орталығына өз еркіммен келдім. Өмірімді жаңадан бастағым келеді. Мамандардың айтуынша, зиянды өнімнің әр граммы қара нарықта 15-20 мың теңге шамасында саудаланады. Бұл- жастар үшін қолжетімді баға. Қылмыстың бұл түрі көбінесе интернет арқылы жасалады. Ал тұтынушылар арасында 14-15 жастағы оқушылардың кездесуі алаңдатарлық жағдай дейді мамандар. Онан кейін арылғысы келетін көрінеді, бірақ оған ұзақ уақыт керек екенін айтады. Тоқтар ҚОЙШЫБЕКОВ, ДӘРІГЕР ПСИХИАТР, НАРКОЛОГ: Психикалық құбылыстарды жою, иа біз оны 1-2 айдың ішінде жойып тастаймыз. Бірақ эмоционалды тұрақсыздық, психикалық тәуелділік адамда ұзақ уақытқа сақталады. Бұл -ең ерте туатын синдром. Және бірнеше жылға дейін созылады. Сондықтан біз бір айдың, бір жарым айдың ішінде соционардағы емнің ол бір жарым ай – 45 күн. Бірақ 45 күн бұл бірінші қадам ғана. Қазір елімізде нашақорларды емдейтін жеке орталықтар көп. Мұнда емделетіндер наркологиялық есепке алынбайды. Ал мемлекеттік орталықтардың көмегіне жүгінгендердің саны 18 мыңнан асқан. https://youtu.be/rSsijDsniQ8

Читать источник astanatv.kz/kz/
Прагада өткен Димаштың концертінде 9 жасар қыз тыңдармандарды тәнті қылды
Ереванда күрестен өткен CISM әлем чемпионатында әскер спортшылары 3 алтын, 4 қола алды
Жамбыл облысында прокуратура қызметкері ұсталды
Теннисші Жібек Құламбаева Португалиядағы турнирде жеңіске жетті
Nature Human Behaviour: Интернет қарт адамдарға оң әсер етеді
2025 жылы әлемдегі аштықпен күресуге 17 миллиард доллар қажет
Итальяндық радиостанция апта сайын Димаш Құдайбергенге хабар арнайды
Галактикалардың соқтығысуынан туындаған дыбыс толқыны Жерге жетті
Мектепте ұялы телефон қолдануға шектеу енгізген елдер қатары артып келеді
Адамның мінезі оның ғұмырының ұзақтығына әсер етеді
Жетісу облысындағы ауыл халқы биліктен мал жаятын жер сұрады
Белгілі «Яшлык» ансамблі 50 жылдық мерейтойын атап өтті
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Еуразия» кинофестивалі үздік жобаларға жол ашады деп сенемін
Тоқаев: «Еуразия» кинофестивалі үздік жобаларға жол ашады деп сенемін
Қазақстандағы туризм: проблемалар мен оларды шешу жолдары қайсы
Абай облысында 15 тонна шөп өртенді
Астана аспанында жойғыш ұшақтар ұшып өтті (ВИДЕО)
Қазақстанда ең арзан пәтерлер қай қалада?
Абай облысында 15 тонна шөп өртеніп кетті
Жылыту маусымы: Шымкентте қауіпсіздік шаралары күшейтілді
Павлодарда он күн бұрын жоғалған әйел табылды
Серік Сәпиев Қарағанды облысының спорт басқармасын басқарады
Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына орай мерейтойлық марафон басталды
Павлодарда 10 күн бұрын жоғалған әйел табылды