Елімізде 2026 жылға дейін 740 мың орындық 369 мектеп салынады

Биыл студенттердің шәкіртақысы көбейді. Жатақхана мәселесі оң шешімін табуда. Бастауыш сыныптың оқушылары түгел тегін тамақпен қамтылды. 2026 жылға дейін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында білім беру ұйымдарының саны артады. Мұның барлығы Президент тапсырмасы негізінде жүзеге асырылып жатыр. Алда атқарылар шаруа да шаш етектен.Елімізде 1 қыркүйектен бастап мемлекеттік шәкіртақы көлемі артты. Ай сайынғы шәкіртақы бакалавриат студенттеріне - 20, магистратура мен докторантурада оқитындарға - 15, техникалық және кәсіптік білім алатын студенттерге - 50 пайыз көбейді. Стипендия көлемі мұнымен тоқтап қалмайды. 2025 жылға қарай тағы 2 есе өседі. Ал жоғарғы оқу орындары мен колледждердің жатақханаларында бір жыл ішінде орын тапшылығы 3 есе қысқарды. Биыл 10,9 мың орындық 44 жатақхана іске қосылады. Бүгінге дейін 25 жатақхана пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы 19 жатақхананың құрылысы аяқталады.БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Жатақхана өте керемет, бәрі. Студенттерге арналған. Кухня,барлық керек жабдықтар бар. - Стипендия жыл сайын 10 пайызға қосылады. Бұнысы жақсы әрине, себебі қазірде бағалар өсіп жатыр. - Условиясы жақсы бізде барлығы, таза. Керегіміздің бәрі бар. Жалпы елімізде жастардың білім алуына барлық жағдай жасалған. Ізденген жасқа тегін білім де, жайлы баспана да бар. Эльмира ОТАР, Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ДОЦЕНТІ: Техникалық арнайы мамандықтарға көп көңіл бөлініп жатыр. Мысалы ІТ саласында көріп отырмыз. Қаншама универститеттердің ашылуы гранттардың көптеп бөлінуі олардың бір орталыққа шоғырлануы, мұның барлығы- жасалынып жатқан оң шаралар. Президент тапсырмасы негізінде келер жылы балалардың жоғары білім алуына қосымша мүмкіндік беретін «Келешек» ерікті жинақтау жүйесі іске қосылады. 5 жастан асқан баланың есепшотына ең алдымен мемлекеттің бастапқы капиталы ретінде 60 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қаржы құйылады. Оған қоса, инвестициялық түсім түседі. Жыл сайын 5-7 пайыз мемлекеттік сыйақысы тағы бар. Сонымен қатар ата-аналардың жарнасы баланың келешек білім алуына кепіл болады. Бибігүл ЖЕКСЕНБАЙ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: Дәл қазіргі уақытта біз 40 пайыз гранттарды тегін мүмкіндікті қарастырып отырсақ, болашақта бұл 15 пайызға дейін қысқарады. Яғни, біздің болашақ жастарымыз жоғары білімді оқуға 15 пайыздың ішіне жататын болса, яғни осы жинақтау қорындағы қаражатқа банктердің үстемақысымен қосылып қаражат жинауға мүмкіндік ашылады деп отыр. Мектептерде түйіткілді болған тегін тамақ мәселесі де биыл қыркүйек айынан бастап оң шешімін тапты. Биылғы жаңа оқу жылынан бастап республикадағы барлық 1-4 сынып аралығындағы 1 млн 400 мың оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылды. Оған жергілікті бюджеттен 25 млрд теңге бөлінді. Сондай-ақ әлеуметтік аз қаматамасыз етілген отбасындағы 5-11 сынып аралығындағы 200 мың оқушы да тегін ыстық тамақ іше алады. Оған қоса, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында да бұл санаттағы 97 мыңнан аса бала бар. Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "АМАNАТ" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Мемлекет басшысы ең алғашқы күндерінен бастап осы білім мен ғылым салаларын дамытуға ерекше назар аударып келе жатыр. Мен оны осы саланы басқарған адам ретінде үлкен сеніммен айта аламын. Сайлау алды бағдарламаны қарайтын болсақ та, сайлауалды бағдарламада осы білім мен ғылым салаларын дамыту мәселесі ерекше үлкен көрініс тапты деп айтуға болады. Бір-ақ жыл ғана өтсе де, бір жыл ішінде үлкен өзгерістер болып, қазіргі уақытта қабылданған іс-шаралардың нәтижесінде миллиондаған балалар қамқорлығын , өзгерістерді көріп, сезініп отыр. Саладағы тағы бір тың жаңалық- «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы. Елімізде 2026 жылға дейін 740 мың орындық 369 мектеп салынады. Сонымен қатар аймақтардағы мектептерде жыл сайын 1000 заманауи робототехника, химия, биология, физика және Steam кабинеттері ашылады. 2029 жылға дейін бұл кабинеттердің саны 7 мыңға жетеді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Жетісу облысында 101 жасқа толған соғыс ардагеріне құрмет көрсетілді
Бөлшектеп тастаған. Ер адам бұрынғы сүйіктісінің жігітін айуандықпен өлтірген
Дарқан садақ
Алматы көру және есту қабілеті бұзылған адамдар үшін кедергісіз кітапханалар жасауда
Алматының қоғамдық орындарында алғаш рет 24 автономды кітапхана орнатылды
Биылдан бастап ваучерлік қаржыландыру жүйесі ел аумағында кезең-кезеңімен енгізіле бастайды
Алматыда жолаушылар тасымалының қауіпсіздігі тексерілді
Адам өміріне ара түскен дәрігерлер
Алматыда бос жатқан аумақта мұз айдыны бар жаңа сквер ашылды
Алматыда шоқындыру рәсімі күні суға түсуге арналған 10 орын белгіленді
Алматыда Ішкі істер министрі Тәлімгерлер кеңесімен кездесті
Өткен жылы мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 1,1 млн астам қызмет алды
2025 жылы елімізде 19 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған
Былтыр еліміз тұрғын үй құрылысы саласында рекордты көрсеткішке қол жеткізді
Алматылық 75 жетекші мен әдіскер мектепке дейінгі білім берудің халықаралық тәжірибесін меңгерді
Пәтер бағасы тағы қымбаттауы мүмкін
Елорда колледждерінде «Жас еңбекшілер» жобасы іске қосылды
Депутат: 2 мың баламен жұмыс істейтін әлеуметтік педагогтің айлығы - 118 мың теңге
«Технологиялық хайп»: депутат көлікті 5 минуттан артық қыздыру нормасына қатысты пікір білдірді
15 қаңтарға арналған ауа райы болжамы: жел күшейіп, тұман түсіп, қар жауады
Нартай Аралбайұлы еден жуушы, вахтер, аспаздың жалақысын көтеруді ұсынды
Түркістан облысында полиция жол бойында жолаушыдан 2 келі есірткі тәркіледі
Оңтүстікте қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады – ауа райы болжамы
Президент Оңтүстік Корея екінші әрекетте тұтқындалды