Елімізде 30 мыңнан астам адам әскерге барудан қашып жүр

Елімізде 30 мыңнан астам азамат Отан алдындағы борышын өтеуден қашып жүр. Былтыр әскерге барудан жалтарып, есепке алу құжаттарын қасақана бүлдірген немесе жоғалтқан 4 мыңға жуық адам әкімшілік жауапқа тартылған. Жастар неге әскерге барғысы келмейді? Сүндет Оралбеков зерттеп көрді.Сүндет ОРАЛБЕКОВ, ТІЛШІ: Уфф, қашып құтылдым-ау. Соңғы уақыттары жастарды көшеден ұстап әкетіп жатқасын қорқады екенсің. Мен секілді үрейленіп жүргендер аз емес. Иә, бұлай айтатынымыз қазір екінің бірін ұстап алыпты, еріксіз әкетіпті деген сөзді жиі естейтін болдық. Содан болу керек жастардың дені әскери қызметшілерді көрсе болды, тұра қашуды әдетке айналдырған. Соның бірі - Байханбек. Ол әскерге барғысы келмейді. Айтуынша көз көрмесе де, құлақ естіген әлімжеттіктен қорқамын дейді. Байханбек: Бармауымның себебі де өте көп. Мысалы бір жыл уақыт деген біраз уақыт. Алдыңғы жылдары көп хабар шықты. Рейдпен алып кетіп жатты. Ешкімді мәжбүрлеп керек емес. Тек әркім өз қалауымен барғаны дұрыс болады. Сарбаздардың өз-өзіне қол салуы, әскерден қашу, денсаулығының сыр беруі секілді ақпараттар Байханбек секілді жастарды үрейлендіріп тастаған. Психолог Балабек Сақтағанов та жастардың әскерден жалтаруының басты себебі осы дейді. Балабек САҚТАҒАНОВ, ПСИХОЛОГ: Қазіргі уақытта көп жастарымыз өмірлерін шынымен де қызықты өткізеді. Өздерінің айналысатын хоббиі бар, өздерінің айналысатын сүйікті істері бар. Сол істерінен, сол өздерінің күнделікті қалыптасып қалған өмір сүру барысынан ажырағысы келмейді, өмірін өзгерткісі келмейді. Жастардың өзі де кейде әртүрлі жағдайлар, әртүрлі сылтаулар айту арқылы әскерге барғысы келмейтіні шынымен де рас. Жыл сайын әскер қатарына 34 мың сарбаз алынады. Бұрын сапқа тұруға барлығы асығатын. Қазір көзқарас өзгерген. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Әскерге көңілім толмайды. - Дәл қазір қауіптірек. Үлкендері жаңа барғандарға күш көрсетеді. Содан балалар өзіне-өзі көп нетіп жатыр ғой, суицидқа барып. - Бару керек жастар. Неге бармасқа? Әскерге барудан жалтарып жүрген жастарды, үлкен жауапкершілік күтіп тұр. Айыппұл салынады, қоғамдық жұмысқа тартылады. Руслан ТАПАШЕВ, ҚР ҚК БАС ШТАБЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ-ЖҰМЫЛДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АҒА ОФИЦЕРІ: Жергілікті әскери органның шақыртуы бойынша азамматтың келмеуі 5 АЕК айыппұл салынады. Ал әскерге шақырылушы әскерден бірнеше рет жалтаратын болса 1000 АЕК дейінгі айыппұл, не болмаса 400 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылады немесе 1 жылға дейін бас бостадығынан айырылады. Құлықсыз жастардың барын Президент біледі. Өткен жылы наурыз айындағы халыққа Жолдауында жастарды ынталандыру керек деп нақты тапсырма берді. Қазір құзырлылар, әскерге барған жастарға бірқатар жеңілдіктер қарастырып отыр. Соның бірі әскери қызметшілеріне кредиттік каникул беру мәселесі. Қазір бұл бастама іске қосылған. Сондай-ақ, мерзімді әскери қызметшілер үшін жоғары оқу орындарында жеңілдік беріледі. Жобаны іске асыру үшін қазірдің өзінде еліміздің қырық төрт жоғарғы оқу орындарымен мемарандумға қол қойылған. Жеңілдіктер қатары алда тағы көбейтілмек. С. Оралбеков

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Осылай бірге жүріңдерші»: жұрт Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімоваға бақыт тіледі
Семейде жиһаз цехынан өрт шықты
Екі өңірде аязда жоғалып кеткен малшылар табылды
“Ордабасыға” бас бапкер тағайындалды
Жемістердің кейбір түрлері қатерлі ісік ауруының өсуіне ықпал етуі мүмкін
Алматыда 1983 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан құбыр ауыстырылды
Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, 2024 жылғы қарашада тұтыну бағалары 0,9% өскен
Жыл қорытындысы: «Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді 
Боран соғып, көктайғақ болады
Түсіп қалған тістердің орнына жаңасын өсіретін дәрі бар
Жыл қорытындысы: «Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондаған адамды біріктірді
Семейде мұғалімдерді шырша безендіруге тартқандар жауапқа тартылады
“Романтика“. БҚО тұрғыны біреудің банк картасын ұрлап, әйеліне гүл алған
Алматы облысында қар көшкіні болуы мүмкін
Өзгенің банк картасын пайдаланған алаяқ ұсталды
Апта басында елімізде валюта бағамы өзгерді
«Жапониядан 600 миллиард қарыз алдық»: Мақсат Толықбай Үкіметтің бюжетті жоспарлай алмай отырғанын айтты (ВИДЕО)
Балқашқа былтырғыдан 4 млрд текше метр артық су жіберілді
“90 жылдардағы бандит“. Атақты продюсер күйеуі жайлы ел білмейтін ақпаратты айтты
Жыл басынан бері әлеуметтік төлемдерге 633,4 млрд теңге төленген
Қазақстан өзбек азаматын Ресейден экстрадициялады
Елордада мұз айдыны мен сырғанақтары бар жаңа қоғамдық кеңістік ашылды
23 желтоқсандағы доллар, еуро және рубльдің бағамы жарияланды
Шырша безендірген мұғалім жарақат алды: Аймағамбетов бақылауды күшейтуді ұсынды