Елімізде 30 мыңнан астам адам паркинсон ауыруына шалдыққан. Жыл сайын олардың қатары тағы 2,5 мың науқаспен толығады. Бұл -Альцгеймер ауруынан кейін әлемде ең көп тараған нейродегенерациялық кесел. Әлі күнге дейін дауасы табылмаған дерт туралы әріптесім айтады.Паркинсон ауруына шалдыққандардың мидағы нейрон қызметі бұзылады. Әдетте, бұл дерт 55 пен 65 жастағы адамдарда жиі кездеседі. Кеселдің ілмегіне ілінгендердің бірі - алпыстағы Шара Мұқаш. Ол паркинсон дертімен 20 жылдан бері күресіп келеді. Шара МҰҚАШ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Докторлардың түзетуімен, дәрінің уақытылы, схемамен ішіуінен өзімді осылай 20 жылға жеткіздім. Кейбір врачтар айтады сізден вообще білінбейді де деп. Мен өзімді врачтармен беріліп, қай уақытта не ішеді, айтқанының бәрін мүдірмей істегеннен ба деп ойлаймын. Паркинсонға шалдыққан науқастар еңбек қабілетінен айырылады. Өз бетінше жүріп-тұруы қиындап, жүйелі сөйлей алмай қалуы мүмкін. Қазір елімізде «Паркинсон мектебі» бар. Бұл жоба арқылы науқастар ауру туралы толық ақпарат алады. Ұтымды ем-дом қабылдап, өмір жасын ұзартуға арналған жаттығулар жасайды, түрлі үйірмелерге қатысады. Қазір бұл топ мезгілінен бұрын дүниеге келген сәбилерге арнайы киім тоқып жатыр. Осы арқылы өздерінің денсаулығын жақсартып, өзгеге де көмектесе алады. Талғат ЕРМЕКОВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ OРТАЛЫҒЫ АУРУХАНАСЫНЫҢ НЕЙРОХИРУРГЫ: Паркинсон дертімен күресу үшін ұсақ моторикасымен жұмыс істеу – маңызды. Сол үшін біз ауруханада «Паркинсон мектебін» ұйымдастырдық. Нәтижесінде науқастар бір-бірімен танысып, үнемі байланыста болады. Өздерін жалғыз сезіндей, кез-келген сәтте қолдайды. Өз тәжірибелерімен бөліседі. Қазір біздің клубта 40-қа жуық адам бар. Әзірге Паркинсон дертінен толық айығу мүмкін болмай тұр. Тек аурудың үдеуін баяулататын дәрілер ғана бар. Әлемде бұл кеселге шалдыққандар саны 4 миллионнан асады.