Елімізде 4 млн-ға жуық бала оқу жылын аяқтады. Оның 186 мыңнан астамы- 11-сыныпты бітіруші түлектер. {КСМ} Бүгін еліміздің барлық мектептерінде бір мезгілде «Білімім - Отаныма» атты бірыңғай сынып сағаты өтті. Оқу-ағарту министрі Ғани Бисембаев оқушылар мен ұстаздарды оқу жылының сәтті аяқталуымен құттықтады. Бас ұстаз сондай-ақ, су тасқынымен күресте алдыңғы қатарда болып, көмекке жұмылған қазақстандық педагогтерге де алғысын білдірді. Ғани БЕЙСЕМБАЕВ, ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ:Сіздердің еңбекпен алған білімдеріңіз- Отанға деген сүйіспеншілік пен құрметтің белгісі! Бүгін сіздермен бірге еліміздегі төрт миллионға жуық оқушы келесі сыныптарға ауысады. Бір жылда сіздер есейіп, оқуда, шығармашылықта, спортта үлкен жетістіктерге жеттіңіздер. Осы оқу жылында біздің оқушылар 10 халықаралық олимпиадада 243 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 20 алтын, 95 күміс, 128 қола медаль бар. Сіздердің әрқайсыларыңыз өз нәтижелеріңізбен мақтана аласыздар! Сіздерді шын жүректен құттықтаймын және мұнымен тоқтап қалмауларыңызды тілеймін!