Елімізде 4,3 миллион адам әлеуметтік көмек алады

Елімізде 4 миллион 300 мың адам әлеуметтік көмек алады. Оның 2 миллионнан астамы – зейнеткер, тағы 2 миллионы – жәрдемақы иесі. Оған биыл бюджеттен 4 триллион теңге бөлінген. Әлеуметтік салады бұдан өзге де жаңалық көп. Жалақы өсті, жұмыссыздар саны азайды. Бұған қалай қол жеткіздік? Аружан Задабек тарқатады. Биыл Мемлекет басшысы Әлеуметтік кодексті іске асыруды тапсырды. Нәтижесінде жәрдемақы көлемі 14 процентке артты. «Алтын алқа», «Батыр ана» атағы бар көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері 25 мың теңгеге жетті. 113 мың отбасы мен 595 мың адамға 52,4 млрд теңге көлемінде әлеуметтік көмек берілді. Ал 186 мың баланың әрқайсысына 1,5 АЕК мөлшерінде 6,7 млрд қосымша төлем тағайындалды. Елімізде 2 миллион 300 мың зейнеткер бар. Биыл оларға республикалық бюджеттен 3 трлн 33,7 млрд теңге бөлінген. Қазір төлемнің орташа мөлшері – 120 838 теңге. Ал ынтымақты зейнетақы– 82 950, базалық – 37 888 теңге болып бекітілген. Светлана ЖАҚЫПОВА, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ: Еңбек қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерің мөлшері 14,5% көбейді. Отбасылық цифрлық картасының енгізудің арқасында осы жылдың 1-қаңтарынан бастап 795 мыңнан астам адм мемлекттік қызметтерді проктивті көрсету үшін СМС алды. Тағы бір жағымды жаңалық. Жұмыссыздық деңгейі 4,7% төмендеді. Қазір ресми түрде 261 мың адамның қызметі жоқ. Ал биыл жұмысқа орналасқандардың саны 908 мыңға жетті. Мемлекет басшысы бұған дейін жастардың кәсіпкерлік бастамасын қолдау керегін айтқан. Сол үшін 2,5%-дық жеңілдетілген микрокредит беруді тапсырды. Биыл Президенттің бұл пәрмені де іске асты. 5,5 мыңға жуық жоба мақұлданып, олардың 5 мыңына қаржы берілді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Полициядан қашқан көлік жүргізушісі ұсталды
Алматы қаласы Мәслихатына жаңа депутат сайланды
16-17 желтоқсанда Қазақстан-Қытай шекарасындағы бекеттер жұмыс істемейді
Түркістанда ботаникалық бағы бар "Жастар" саябағы пайдалануға берілді
Тұман, жел, көктайғақ: 13 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды
“Жындарға сенемін“. Ақан Сатаевтың адам сенгісіз жайтқа тап болғаны рас па?
Ол кісіге ғашық та болмағанмын: Мақпал Жүнісова марқұм күйеуі туралы шындықты айтты
Жылан жылы: 2025 жыл қандай болады?
Жұмысқа кешігуге кептеліс кедергі болса...
Атырау ауруханасында 10 айлық сәби көз жұмды
Абылайхан — Азия чемпионы! Финалда тістеп алған өзбек боксшысы жазаланды
«Санасыздар»: Ырысбала Икрамбай халықтың ақшасына алынған үйді сатпақ болған оқырманына ашуланды (ВИДЕО)
Абылайхан — Азия чемпионы! Финалда тістеп алған өзбек боксшысы жазаланды
Алматыда Тәуелсіздік күніне орай өтетін іс-шаралар белгілі болды
16-17 желтоқсанда Қазақстан-Қытай шекарасындағы бекеттер жұмыс істемейді
16-17 желтоқсанда Қазақстан-Қытай шекарасында өткізу пункттері жабылады
Абай облысында прокурорлар ақша далаға шашылғанын анықтады
Алматы Орталық стадионының басқарушысы қызметінен босатылды
Қазақстанда қатты пайдалы қазбалар бойынша қанша кен орны бар?
Мәжіліс төрағасы Ресей Федералдық жиналысы федерация кеңесінің төрайымымен кездесті
Полициядан қашқан көлік жүргізушісі ұсталды
16-17 желтоқсанда Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пунктері жұмыс істемейді
Ақмола облысында вейп саудасы әшкере болды
«Түрмеге отырып шыққан адам бұрынғыдай болмайды»: Мейіржан Төребаевтың жары күйеуінің қазіргі жағдайы туралы айтты