Елімізде 5 колледж студенттерді лицензиясыз оқытып келген

Қазақстанда 5 колледж студенттерді лицензиясыз оқытқан. Мемлекеттік аттестаттау кезінде техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы бірқатар жүйелік проблема анықталды. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті хабарладыБілім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің ақпараты бойынша, биыл елімізде 520 колледжі мемлекеттік аттестаттаудан өтеді. Бақылау шараларынан бұрын олардың әрқайсысында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ернұр Дәуенов, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы: Мемлекеттік аттестаттауды өткізу лицензиясыз білім беру қызметімен айналысатын колледждерді анықтауға ықпал етті. Бұл Қостанай облысының Денисов кәсіптік-техникалық колледжі, Қарағанды облысының А.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлық-техникалық колледжі, Қарағанды жоғары гуманитарлық, Ақтөбе гуманитарлық-техникалық колледж және Теміртау жоғары политехникалық колледжі. Сондай-ақ тексерілген 315 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының 198-і аттестаттаудан өтпеген. Олардың басым бөлігі Ақмола, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Алматы, Қызылорда, Павлодар, Жетісу және Түркістан облыстарында орналасқан."Аттестаттаудан өтпеу себептері – техникалық және кәсіптік білім ұйымдары әзірлейтін білім беру бағдарламаларына сай болмауы, МЖМБС талаптарына сәйкес оқытушылардың сапалық құрамының (салаға сай мамандар емес, тиісті санаттағы оқытушылардың аздығы) болмауы"-дейді ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.Бұдан басқа, өндірістік оқытуды жоспарлау мен өткізудегі, оқыту нәтижелерінің жетістіктерін бағалаудағы, ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар үшін жеке оқу бағдарламалары мен жоспар дайындаудағы қателіктердің орын алуы. Оқу-ағарту министрлігі Астана және Алматы қалаларының, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Атырау облыстарының колледждері жақсы нәтижелер көрсеткенін атап өтті.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Еліміздегі республикалық маңызы бар жолдарда жаңа индекстер бекітілді
Көлік полицейлері ҚТЖ-да дизель отынын ұрлаған қылмыстық топты ұстады
«Малдан төмен»: Блогердің туған күнінде ерсі билеген қыздар жұртты шошытты (ВИДЕО)
Елде темір жолдарды жөндеу жұмыстарының 96%-ы аяқталды
Қазақстан мен Ресейдің ауыл шаруашылығы ведомстволары агроөнім саудасын жеңілдетуге ұмтылуда
Көлік полицейлері ҚТЖ-да дизель отынын ұрлаған қылмыстық топты ұстады
Жаңа жыл қарсаңында пойыз билеттеріне жеңілдік жасалады
Алматыда «Күз-2024» шақыру компаниясы аяқталды
Еліміздегі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында «KAZ» және «KZ» жаңа индекстері бекітілді
Мұстафа ӨЗТҮРІК: «Батыр болам десең, елің мен жеріңді сүй»
Шымкент әкімдігі жаңа жылдық безендіруге 80 млн теңге жұмсамақ
Қазақстандықтарға жылу үшін төленген 700 миллион теңгеден аса ақша қайтарылады: 23 қараша 2024, 13:21 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Алматыда моншадағы өрт сөндірілді
Биткоин бағасы 100 000 долларға жақындады. Өсу жалғасуда
Бүгін – Мұстафа Өзтүріктің туған күні
Шенеунік жетім балалардың құқығын бұзғаны үшін сот алдына келді: 23 қараша 2024, 13:09 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Шенеунік жетім балалардың құқығын бұзғаны үшін сот алдына келді
Лукашенко 2020 жылы интернетті өшіргенін мойындап, тағы қайталайтынын айтты
Шымкенттегі пәтерлердің бірінен қарияның мәйіті табылды
Сәкен Майғазиевтің туған әпкесі өмірден озды
Қазақстандағы алғашқы болат балқымасына 80 жыл толды
Алматы облысында монша өртенді
“Екеуіміз ғана қалдық“. СҚО-да 45 ауыл таратылады
Астана аспанында жойғыш ұшақтар ұшады: Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады