Өткен тәулікте елімізде 63 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл туралы ҚР ДСМ баспасөз қызметі хабарлады.19 ақпандағы мәлімет бойынша, 1 668 адам коронавирус инфекциясынан (–1 493+ және 175 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 112 пациент стационарда, 1 556 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: • 4 адамның жағдайы ауыр, • 4 пациенттің жағдайы өте ауыр, • 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.