Елімізде 7 миллион адамның баспанасы жоқ

Елімізде 35 жасқа дейінгі азаматтардың тек 30 пайызында баспана бар. Қалғандары пәтер жалдап немесе ағайын-туыстарын жағалап жүр. Жалпы 7 миллион адамның үйі жоқ. Баспаналы болу үшін не істеу керек, мамандар қандай кеңес береді? Тілшіміз сұрап білді. Үш баланы жалғыз тәрбиелеп отырған Ермек Нұрғожин алты жылдан бері баспана кезегінде тұр. Үйлі болам деген үміті сөнуге жақын. Кезегі қашан келері белгісіз. Әзірге жалдамалы пәтерде күнелтуде. Ермек НҰРҒОЖИН, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Көп жағдайда үй иелері балалармен жалдап тұруға рұқсат бермейді. Ай сайын тапқанымды квартира мен кредитке төлеймін. Өз үйіміз болса деп армандаймыз. Ермек секілді елімізде баспасын күткендердің саны 645 мыңнан асады. Жеңілдетілген несиемен үй алатындардың да қатар көп емес. Түрлі мемлекеттік бағдарлама бар. Бірақ орын саны шектеулі. Оның үстіне алғашқы жарна халықтың 70 пайызында жоқ екен. Ерболат МЫҢҒЫШПАН, ИПОТЕКА САРАПШЫСЫ: ОП-ның қандай құдіретті күшті екендігін білетіндер олар әрине шыдамдылық танытып 3 жылдап 4 жылдап ақша жинап. Бірақ әйтеуір армандаған үйіне деп жинап жатқан бар. Олар әрине төмен пайызбен 5 пайызбен несие алады. Бірақ ондай жинауға көбісінің тәртібі жетпей жатады. Расымен бұл жеңілдікке іліге алмайтындар көп. Бірінің алғашқы жарнасы, енді бірінің айлық табысы аз. Сарапшылар жылжымайтын мүлікті алатындарда жалғыз таңдау болатынын айтады. Пәтер құнының 50 пайызын тапса, банктер табысқа қарамай несие рәсімдейді. Сондықтан халықтың 60 пайызы ипотекаға жүгінгенді. Мархабат СЫНАСАПОВА, «ОТБАСЫ БАНК» АҚ ОРТАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ МАМАНЫ: Егер де салымшы өзінің депозитіне кемінде 3 жыл өзіне қажетті 50 пайызын ай сайын үзбей толықтырып жинайтын болса және де сол аралықта бағалау көрсеткіші 16 деген межеге жеткен жағдайда олай болса банк қалған 50 пайызын 5 пайыздық мөлшерлемемен несиеге ұсынады. Баспана бағасы да бірқалыпты емес. Соңғы 4 жылда айтарлықтай өсті. Мәселен, Астана қаласында 2020 жылы 1 шаршы метр - 351 мың теңге болса, 2021 жылы 515 мың, 2020 жылы - 537 мың, өткен жылы 580 мың теңгеге бағаланды. Жалақыға пәтер жалдап жүргендердің басты армандарының орындалуы үшін біраз бейнеттенулеріне тура келеді. БАСПАНА БАҒАСЫ 2020 - 351 000 ТГ 2021 - 515 062 ТГ 2022 - 537 193 ТГ 2023 - 579 000 ТГ

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматыға жақын жерде жер сілкінді
Есте сақтау қабілетін жақсартатын ең оңай тәсіл белгілі болды
«Көзімнің тірісінде күйеуге шыққанын көргім келеді»: Мақпал Жүнісова арманын айтты
Есте сақтау қабілетін жақсартатын ең оңай тәсіл белгілі болды
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Алматы облысына барды
«Көзімнің тірісінде күйеуге шыққанын көргім келеді»: Мақпал Жүнісова арманын айтты
Алматыға жақын маңда жер сілкінді
ММА-дан әлем чемпионаты: Ақтөбелік полицей финалда техникалық нокаутпен жеңіске жетті
Алматыдан 88 шақырым аумақта жер сілкінді
Алматы маңында жер сілкінді
Алматыдан 88 шақырым жерде жер сілкінді
Ер адамдар неге көзге шөп салады? Психолог жауабы
Қазақстан құрамасы шайбалы хоккейден Олимпиадаға іріктеу кезеңін жеңіспен аяқтады
Ақмола облысында тұрғын үй өртенді
Көктөбеде мерекелік рух асқақтап тұр
Бақыт Сәрсекбаев: "Олимпиаданы жеңгенде өзбектер қатты өкінді"
Елордада бір сәтте 700 оқушы патриоттық әнді шырқады
Тар киім кию қатерлі ісіктің пайда болуына әкелетіні рас па?
2025 жылы туристер үшін ең қауіпсіз болатын 7 ел
Павлодар облысында жылыту пункттері 10 мың адамды қабылдауға дайын
Ауа райының бұзылуына байланысты Түркістан, Жамбыл облыстарында жол жабылады
Алматыда Шыңғыс Айтматовтың туған күніне орай дөңгелек үстел өтті
Айгүл Иманбаева күйеуінің қалай еркелететінін айтып мақтанды
Қазақстандықтар Мальдив аралдары мен Тайландқа саяхаттаудан рекорд жаңартты