Елімізде 81мыңнан астам адам миллиондап жалақы алады

Елімізде миллион теңгеден жоғары жалақы алатын 81 мыңнан астам адам бар. Оның 24 мыңға жуығы тау-кен өнеркәсібінде жұмыс істейді. Зейнетақы қорындағы қаржы 17 млрд теңгеден асты. Осы және өзге де ақпараттар «Экономика» топтамасында.Елімізде 81 мыңнан астам адам миллиондап жалақы алады. Бұл жалпы халықтың 2 проценті. Олар ешқандайда жеке кәсіпкер немесе шенді, шекпенді емес, қарапайым жұмысшылар. Тау-кен өнеркәсібінде шамамен 23 мың 600 адам қомақты жалақы алады. Ал 9 мыңнан астамы өнеркәсіп саласында еңбек етеді. Үшінші орында қаржы және сақтандыру саласы тұр. Онда 8600 адам жұмыс істейді. Құрылыста 7800, саудада - 5500 адам миллиондап табыс табуда. Жалақысы қомақты ерлер әйелдерден 3 есе көп. Елімізде зергерлік бұйымдарға сұраныс артқан. Жыл басынан бері 839 млн теңгенің бұйымы өндіріліп, 110 млн АҚШ долларына тең болатын бағалы бұйымдар импортталды. Былтыр өндіріс көлемі 1,36 млрд теңгеге жеткен еді. Бағалы металлдан жасалған бұйымдардың бағасы күн санап өсуде. Неке сақинасы 32 пайызға қымбаттаса, сағаттар мен әшекейлер 30 пайызға көтерілген. Соған қарамастан көпшілік алтын алып жатыр. Мүмкін құны түспейтін дүниемен байлық жинауды құп санайтын шығар. Ғалымжан ЕСҚАРАҰЛЫ, ЭКОНОМИСТ: Алтын күйінде сақтасаңыз ол сізге кез-келген жағдайда қолжетімді болады. Апарасыз, орнына қалаған нәрсеңізді ала аласыз. Бұл біржағынан азаматтардың белсенділігін, табыстылығын арттырудың бір жолы болып отыр. Зейнетақы қорындағы қаржы 17 млрд теңгеден асты. Жыл басынан бері жинақтағы ақша 2,6 трлн теңгеге өскен. Бұл қаржының 96 пайызы міндетті зейнетақы жарналарынан түскен. Еңбек демалысындағы жандарға 405 млрд теңгеден астам қаржы төленсе, жас бойынша төлемдер 109 млрд теңгеден асқан. Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге берілген біржолғы зейнетақы төлемдері 198,75 млрд теңгені құрады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Жыл басынан бері Астанаға миллионнан астам турист келді
Қаншама зират көрдім, ішінде адамы жоқ...
Facebook, Youtube және Instagram желілері істен шықты
Күйдіргіден қауіп көп
Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Жел екпіні күшейеді: құтқарушылар елордалықтарға ескерту жасады
Қалжыңдаймын деп айыппұл арқаламаңыз: ІІМ ескерту жасады
Нашақорлықпен күрес күшейді
Қаншама зират көрдім, ішінде адамы жоқ...
Қазақстандықтар қай жемісті көбірек тұтынады
Полиция мереке қарсаңында күшейтілген қызмет режиміне көшеді
Қаржылық сауат балабақшадан басталады
Сырты бүтін» кітабының тұсаукесері өтті
Ақтауда жасөспірімдер жағажайдағы қоршауды қиратқан
Екібастұзда құбыр жарылып, 10 жастағы бала күйіп қалды (ВИДЕО)
Жоғары аудиторлық палатаның есебі тыңдалды
Жыл басынан бері Астанаға миллионнан астам турист келді
Білім мен инновацияға негізделген экономика құру қажет
Астанада көшенің ортасында көлік өртке оранды
Алматыда демалыс күндерінің жәрмеңкелері модернизацияланды
85 млн теңге қарызы көлік жүргізушісі ұсталды
Үйде еркектің билігі әлсірегенде ене ұлын қызғанып, келінге күн көрсетпейді - Мұхамеджан Тазабек
«Мұндай нәрсені жауыма да тілемеймін»: бостандыққа шыққан актер жантебірентер жазба жариялады
Садраддин, Науатбек Ақмарал: Тағы кімдер «Дарын» жастар сыйлығының иегері атанды (ВИДЕО)