Елімізде алғаш рет «Агросауат» орталығы ашылды

Елімізде алғаш рет «Агросауат» орталығы ашылды. Жамбыл облысы Меркі ауданындағы оқу-әдістемелік орталық «AMANAT» партиясы «Халық» қайырымдылық қорының қолдауымен жүзеге асырылған. Мұнда жұрт ауыл шаруашылығының түрлі бағыттары бойынша теориялық білім алады және практикалық дағдыларды қатар үйренеді. Мәселен, бір отбасының 2 млн жуық қарыз бар делік. Бірақ ауласында 10 сотық жері бос жатыр. Соған көп сұранысқа ие құлпынай өсіру бизнесін үйренсе бастап кетуге бар жағдай жасалады. Дәрістен кейін 2 млн теңгеге жуық қаражат жабдықтар, тауарлық несие ретінде беріледі. Кейін табыстың жартысы тұрғынның банк алдындағы өз қарызын жабуға жіберілсе, 25 пайызы орталықтан алған құрал-саймандар ақысын өтеуге жұмсалады, ал қалған 25 пайызы өзіне пайда. Бұл жердегі басты принцип -балық емес, қармақ беру. Жаңа орталықта жидек өсіру, қант қызылшасын егу, жем-шөп, сүтті ірі қара, етті ірі қара, құс шаруашылығы секілді шаруашылықтар ашып, 150 адамды қарыз деңгейінен шығару мақсаты қойылған.Эльдар ЖҰМАҒАЗИЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:Жобаға қатысып жатқан банкке 90 күнен артық берешегі бар адамдар. Өздігінен қарызын қайтара алмайды. Осыған байланысты партиялық жоба бар қарызсыз қоғам деген. Сол жобамен ауыл аманаты ұштасып, осындай жобаға іліктіріп жатырмыз. Осы оқу орталықтарын барлық ауданда ашуымыз керек деп есептейміз. Себебі, халыққа табысын көбейту үшін қазір білім керек. Пилоттық жоба сәтті жүзеге асқан жағдайда Үкімет деңгейінде тиісті бағдарлама қабылданады. Болашақта «қара тізімнен» шыққан тұрғындар әрі қарай мемлекеттің бизнесті қолдау бағдарламаларына және «Ауыл аманаты» бағдармасының 2,5 пайыздық несиесіне жүгіне алады. Әсел БАҚЫТБЕКҚЫЗЫ, БАЙЗА АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:Қара тізімге кірген халықты, заңгерлер жұмыс істеп қара тізімнен шығарады екен. Қандайда бір кәсіптің түрін ашуға жай қарапайым халыққа көмектесу арқылы қарызынан шығару. Бұл яғни, қарызсыз қоғам құру деген бағдарламасы өте ұнады маған. Марат ӘЛІМҚҰЛОВ, МЕРКІ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:Балапандарын өздері әкеліп береді екен бәрін түсіндіріп, оқытып. Жемдерінде өздері дайындап береді екен. Біз бағып өсіреміз мысалға. Оны қайда өткіземіз деп ойланбаймыз. Бұл кісілер өздерінің бағасымен өздері алады екен. Бұл кісілердің айтқанынан түсінгенім үлкен пайда бар.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қайрат Сәтжанов: «Айбек Оралбай салмақты азайтып, өз мүмкіндігін арттырады»
Бүгін ел аумағында тұрақсыз ауа райы күтіледі
Қарағанды облысында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды
29 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Қазақстанның 14 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Түркістанда "Жайлы мектеп" пайдалануға берілді
Қайрат Сәтжанов: «Айбек Оралбай салмақты азайтып, өз мүмкіндігін арттырады»
Қант диабеті бар жандарға жаңа жылдық дастарханнан жеуге болатын тағамдар аталды
ТЖМ құтқарушылары 47 адамның өмірін сақтап қалды
Елордада JOLTAP жобасының қорытындысы шығарылды
Елге көлік кіргізу ережесін қатаңдатудың салдары қандай болмақ?
Бүгін ел аумағында тұрақсыз ауа райы күтіледі
Шымкентте жаңа жыл түні 2 мың полицей қауіпсіздікті қамтамасыз етеді
Ұшақ апатынан қайтыс болған жолаушылардың туыстарына қолдау көрсетілуде
Олимпиада чемпионы Давид Дегтяревке әкімдік ақшалай сыйақы табыстады
Қайызғақтың кесірінен шашсыз қалуыңыз мүмкін бе?
ТЖМ құтқарушылары 47 адамның өмірін сақтап қалды
Абай облысында пәтер тонаушы ықпалды ұрылар тобы ұсталды
СҚО-да көп балалы аналарды құрмет көрсетілді
Адам қанша мандарин жесе өліп кетуі мүмкін?
Жаңа жылыңмен деп құттықтаудың өзі күнә, шариғатта рұқсат жоқ – блогер (ВИДЕО)
Таразда балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын қолдау орталығы ашылды
Қаза тапқан Әзірбайжан азаматтарының денелері Отанына жөнелтілді
29 желтоқсанда ауа райы қандай болады?