«Шекарасыз шыңдар». Осындай атаумен елімізде алғаш рет аутизм дертіне шалдыққан балаларға арналған спорттық құзға шығу фестивалі өтті. Жарысқа 8 бен 12 жас аралығындағы 8 жеткіншек қатысып, бақ сынады. Бұл ерекше бүлдіршіндер үшін маңызды шара. Олардың өмірге бейімделуіне, логикалық ойлау қабілетінің дамуына оң ықпал етеді. 12 метр биіктікке шығу барысында балалардың ептілігі, жылдамдығы мен ерік-жігері сыналды. Межеге жетіп, тапсырманы мүлтіксіз орындағандар арнайы сыйлыққа ие болды. Шараны «Qadam Special School» және «Autism Qadam» қорлары ұйымдастырған.Жұлдыз СЕРІКҚЫЗЫ, ШАРАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ: Аутизмге шалдыққан балалардың әр түрлі ерекшеліктері бар. Мысалы дауысты немесе көпшілікті ұнатпайтын дегендей. Сондықтан да дайын деп есептеген бір жылдан астам осы секцияға қатысқан балаларды ғана қатыстырып отырмыз.