Елімізде алғаш рет пара үстел теннисінен халықаралық турнир өтті

Елімізде алғаш рет пара үстел теннисінен халықаралық турнир өтті. Әлемнің 19 елінен жиналған 150 спортшы Париждегі Паралимпиада ойындарының жолдамасын сарапқа салды. Спортшылар «Астана Пара Оупен 2024» жарысында ұпай жинап, халықаралық рейтингте көрсеткішті жақсартты.«Астана Пара Оупен 2024» турнирінің салтанатты ашылуына Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев, Халықаралық пара үстел теннисі федерациясының басшысы Пабло Перес қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі. дүбірлі додада Қазақстанның атынан 11 санат бойынша 53 спортшы бақ сынады. Ел намысын қорғаған теннисшілердің барлығы да байрақты бәсекеге үлкен дайындықпен келген. Ерлан ҒАЗИЕВ, ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫНЫҢ ОЙЫНШЫСЫ:Мен 8 жылдан бері айналысып келемін, бұл 15-16-шы Халықаралық жарысым. 10 күн оқу жаттығу жиынында болдық. Осы жарыс лицензиялық жарыс болғандықтан бар күшімізді салып жатырмыз. Бұйырса жақсы нәтиже көрсетеміз деп ойлаймын. Жарысқа Астанадан Сәуле Айдарханова, Балзия Таш, Алтынай Ержанқызы сынды спорт шеберлері қатысты. Олар турнирге жарты жыл тыңғылықты дайындалған. Тактикалық, техникалық жағынан схема құрдық,- дейді жаттықтырушы. Арнұр МҰРАТҰЛЫ, ҚР ҰЛТТЫҚ ПАРА ҮСТЕЛ ТЕННИСІ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ БАС ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ:Қазір Қазақстанда пара үстел теннисі өте жақсы дамыды. Жылдан жылға спортшылар саны да ұлғаюда. Деңгейлері де көтерілуде. Осындай кәсіби залдарда жарыс өткізіп, шетелдегі жарыстарға қатысып, деңгейіміз ақырын ақырын өсіп келе жатыр. Медет БАЙКЕН, ҚР ҰЛТТЫҚ ПАРА ҮСТЕЛ ТЕННИСІ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ БАС ХАТШЫСЫ:Төрт спортшымыздың Париж паралимпиадасына рейтингтік ұпайлары жетіп тұр қазіргі таңда. Оларда мүмкіндік бар осы жарыстың арқасында көш бастап, жеңіс тұғырына шығады деген үміттеміз. Жарыс үш күнге созылды. Еліміздің 23 дүркін чемпионы Галиа Беспалая күміс, Алтынай Ержанқызы қола жүлде иегері атанды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Шенеуніктердің есірткі саудасына қатысы бар екені дәлелденсе, өмір бойына бас бостандығынан айырылады
Полицейге пара беруге тырысқан қазақстандық өкініп қалды
Мемлекет басшысы Қырғызстанның Сыртқы істер министрін қабылдады
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы Президент жанындағы ең жоғарғы ғылыми ұйым мәртебесін алды
Ержан Максим Дубайда өткен конкурста жеңімпаз атанды
Энергиялық тиімділік саласындағы ынтымақтастық: Қазақстандағы Dena өкілдерімен кездесу өтті
Энергетикалық сусынды көп тұтынған қазақ жігітінің аяқ-қолы ісіп кеткен
Елімізде -27°C-қа дейін күн суытады
Лос-Анджелесте өрт қоюшы күдікті ұсталды
ПАТОЛОГИЯСЫ БАР БАЛАЛАРҒА БІЛІКТІ КӨМЕК
Доллар бағамы тағы көтерілді
Тарихи алтын: Дінмұхаммед Райымқұлов фристайл-акробатикадан жеңімпаз атанды
Қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау – маңызы зор мамандық
Алматыда есептеу құралдары жоқ тұрғындарға суды тұтыну нормалары өзгерді
Енді елімізде дәрі QR-код арқылы беріледі
“Тазалық көрмеген”: Белгілі блогер халыққа қызмет көрсету орталықтарының әжетханасын сынға алды (ФОТО)
Норвегияда рекордты көлемде табиғи газ өндірілді
Ақтауда елді 90 миллион теңге шығынға батырған күдікті ұсталды
Петропавлда үш ер адам тұрғынды қарумен қорқытып, ақша бопсалаған
Антарктидада 2800 метрлік мұз қабаты бұрғыланды
Елдос Сметов әйелімен бірге Лондонға кетті
Президент Нұрлан Сауранбаевты қабылдады
Жұмысшы мамандықтар жылы: елордада қандай іс-шаралар өтеді
Мектеп асханаларында тұз бен қант мөлшері азайтылады