Елімізде алғаш рет «Ұлы дала дәмі» ұлттық жобасы өткізілді

Елімізде алғаш рет «Ұлы дала дәмі» ұлттық жобасы ұйымдастырылды. Ерекше бала тәрбиелеп отырған және көпбалалы отбасылар мен балалар үйіне ұлттық дәм мен тағамдарға толы «Тарту» атты Наурыз қоржыны берілді. Қазақи нақышта безендіріліп, киіз үй пішінінде тігілген сыйға еліміздің әр өңірінен жеткізілген ұлттық дәмдер салынған. Алматының алмасынан Алтайдың балына дейін бар. Ал еңбек адамдары мен зиялыларға «Сыбаға» деп аталатын сый-сыяпат таратылды. Үлкендерге берілген қоржын жеті түрлі дәмнен тұрады. Ішіне сүрленген қазы-қарта, жал-жая мен жамбас салынған. Ұлттық жоба Наурыз мерекесіне жаңа мазмұн берді. Ұйымдастырушылар «Ұлы дала дәмін» алдағы жылдары 14 наурыздан бастап айдың соңына дейін тұтас республика көлемінде өткізуді жоспарлап отыр. Гүлдана ҚАЛДЫБАЕВА, ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ АНАСЫ:Қыдыр ата келіп, балаларымды қуанышқа бөлеп, жесірін қаңғытпаған, жетімін жылатпаған Қазақ екенімізді үнемі айтып жүремін. Үнемі ризашылығымды айтып жүремін. Алла тағалама шүкірлігімді айтқан сайын осындай балаларыма қуаныш келіп отыр. Өзім қуаныштымын.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қостанайда оқушылар қашықтықтан оқуға көшті
Жетім баланы үй кезегіне қоймаған мемлекеттік орган жауапқа тартылды
Елдос Сметов Лондонға кетті
Отбасының цифрлық картасында еліміздің 20 млн азаматы туралы ақпарат жинақталған
Алматының индустриалды аймағында 2024 жылы 10 жаңа жоба жүзеге асты
Ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарының тізбесін кеңейту жоспарлануда
Мұнай өнімдерін ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Қазақстанда алғаш рет түркітілдес елдер арасындағы TurkicSkills кәсіби шеберлік чемпионаты өтеді
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Қаржы министрлігі
Адамдардың ауыруына тыйым салынды
Биылдан бастап балабақша кезегіне тұру тәртібі өзгереді
1 қаңтардан бастап мемлекеттік сатып алудағы негізгі өзгерістер қандай?
"Өнерден кету ойда бар": Актер Рүстем Жаныаманов өнерден кете ме?
Ол кездесуді сұрады: Трамп Путинпен келіссөздер өткізетінін мәлімдеді
Жетім баланы үй кезегіне қоймаған мемлекеттік орган жауапқа тартылды
Енді той мен садақада мобильді аударымдар арқылы жиналған қаражат та бақыланады
Елдос Сметов Лондонға кетті
Мемлекеттік сатып алу: 1 қаңтардан бастап қандай өзгерістер болады
Румынияда метапневмовирустың алғашқы дерегі тіркелді
Қызылордада мұнай өнімдерін ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Қостанайда оқушылар қашықтықтан оқуға көшті
Қызылордада мұнай ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Петропавлда құтқарушылар үш сағаттан аса уақыт бойы алапат өртті сөндірді
Биыл тоғыз автокөлік өткізу пункті жаңғыртылады