Елімізде аналар мен әжелерді футбол ойнауға тартатын жоба іске қосылады

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы және QJ League президенті Рохус Шох елімізде қыздар арасында жасөспірімдер лигасын құру бастамасы жайында айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Қыздар арасында футболдан жасөспірімдер лигасын құру 2025 жылға жоспарланып отыр. Ол үшін U-17 форматы таңдалады. Алдын ала болжам бойынша 10-12 команда қатысады»,-деді Рохус Шох елордада өткен баспасөз мәслихатында. Өз кезегінде Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов футбол спортына аналар мен әжелерді тарту жоспары туралы айтты. «Бұл мүлдем жаңа жоба. Өткен жылы біз әйелдер футболының не екенін, оны дамыту жолдарын зерттедік. Былай қарасаң, елімізде әйелдер футболы бар да, жоқ та сияқты. Біз әйелдерге арналған ауқымды футбол бағдарламасын дайындап жатырмыз. Бағдарлама тек қыздар мен кәсіби футболшыларға ғана емес, сонымен қатар футболға құмар аналар мен әжелерге де арналады», - дейді футбол федерациясының басшысы. Оның айтуынша, аналар мен әжелерге арналған футбол бағдарламасы биыл немесе келесі жылы іске қосылады. «Бұл жерде бірінші мәселе – мамандар. Себебі, оған басқа жаттықтырушылар, басқа тәсіл керек. Өйткені, футбол түрі өзгеше. Егер дайындық жұмыстарын биыл аяқтасақ, жобаны бастаймыз. Егер үлгермесек келер жылы жариялаймыз деп ойлаймын», - деді Ә. Барменқұлов. Бұған дейін хабарлағанымыздай, елімізде футболдан жаңа жасөспірімдер лигасы құрылды. Спорт және дене шынықтыру комитеті басшысының мәлімдеуінше, елімізде 800 мыңнан астам адам футболмен жүйелі айналысады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
14 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды
“Қарғыс атқан жүрек”: Алматыдағы мистикалық драма сот пен қала тұрғындарын дүр сілкіндірді
Шетелдіктерге тәркіленген Қоспаев ҰҚТ мүлкін сатпақ болған - ҚМА
Алматы әуежайы жаңа тарифтерді жариялады
Трамп Си Цзиньпинді инаугурациясына шақырды
Қазақстанда цифрлық техника бағасы аспанға ұшты
Амилай қамауға алынды
Қаржаубай неге қаралды?
Қаржаубай неге қамалды?
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен кездесті
Қазақстанның Жапониядағы елшісі тағайындалды
Әкесі жақсы қандайды
Алматы әкімдігінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің сыртқы талдау нәтижелері қорытындыланды
«Никольский» базарын шетелдіктерге сатып жібермек болғандар ұсталды
COVID-19 вирусы күллі әлем бойынша жеті млн-нан аса адамның өмірін жалмаған
Алматыда танымал дзюдошы Асхат Жіткеев сотталғандармен кездесті
Қазақ боксы өзбектен бір саты төмен тұр
Отандық дизайнер алматылық жастарға қолдау көрсетуде
Наурызбай ауданы қалай өзгеруде: аулаларды абаттандырудан бастап замануи жаяу жүргіншілер аймақтарына дейін
Өмірдің мәні неде?
Енді су үнемдейтін технологияларды пайдаланатын дихандар суармалы суға аз төлейді
Пластиктен сабын жасауға болады
Асату...
Теңгеден күш кетті...