Елімізде ішімдік бағасы қымбаттайды. Қаржы министрі бөлшек саудада өткізу үшін араққа қойылатын шекті бағаны көтеру туралы бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.Атап айтқанда, 1 шілдеден бастап 30 қыркүйекке дейінгі аралықта ішімдіктердің бөлшек саудадағы ең төменгі құны былай белгіленді: арақтар, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарының бір литрі – 1980 теңге; коньяк пен брендидің бір литрі – 2930 теңге.