Елімізде әрбір бесінші адам аллергияға шалдыққан

Елімізде әрбір бесінші адам аллергияға шалдыққан. Көктем және жаз шыға бұл тіптен үдеп кетеді. Отандық диагностикалық зертхананың мәліметінше, соңғы бір жыл ішінде маусымдық аллергия себептерін анықтау үшін 25 мыңнан астам адам жүгініпті. Мұның өзі емі бар ма? Қай уақытта емделген тиімді? Тілшіміз мамандармен тілдесті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, жер бетіндегі халықтың 40 пайызы аллергиядан зардап шегеді. Мамандар дертке қоршаған ортаның ластануы, тағам құрамындағы химиялық қоспалар, күйзеліс және зиянды еңбек жағдайы әсер етеді деп санайды. Жұлдыз НҰРОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Аллергия бұрында болмаған. Осы бертінді көзім қышып, мұрнымнан су ағып жүргеннен кейін өзім ОРВИ деп сезініп жүргенмін. Қазір көзім бәрі ісіп тұр. Сол аллергологқа келдім. Аллергологтың айтуы бойынша менде сезонная аллергия екен. Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, Қазақстанда 23 мың адамда тозаңдық аллергендерге сезімталдық байқалды. Науқастардың 61%-нда арамшөптерге, астық тұқымдас шөптерге - 22%, ал 17%-ы ағаш тозаңына аллергиясымен зардап шегеді. Бұдан бөлек, дәрі-дәрмектерге, жан-жануарларға, күннің көзіне, тіпті суға аллергиясы бар адамдар да кездеседі. Жыл сайын қайталанатын бұл ауруды қыста емдеген тиімді. «Сол кезде теріге сынама жасалып, ауру себебі анықталады да, жазда қозуының алдын алуға болады», - дейді дәрігер. Самал АМАЛБЕКОВА, ДӘРІГЕР-АЛЛЕРГОЛОГ: Қазір өршіп тұрған қайыңға аллергиясы бар пациенттер алма жеген кезінде айқасу реакциясы болады. Науқастардың ерні, көзі ісуі мүмкін. Және күзде жусанға аллергия болған кезде күнбағыспен айқасу реакциясы болады. Содан пациенттерде квинке ісігі, анафилактикалық шок, аллергиялық есекжем сияқты аллергиялық реакциялар дамуы мүмкін. Аллергияны анықтау үшін науқасты ұзақ жылдар бойы бақылау керек. Алайда, дәрігерлердің айтуы бойынша, оны емдеу қиынға соғады. Ал, оны емдемесе, күрделі ауруларардың асқынуына әкелуі мүмкін.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Елена Рыбакина Дубайдағы турнирде чемпион атанды
Қазақстанның екі облысында жоғалып кеткен малшылар табылды
“Ордабасыға” бас бапкер тағайындалды
“Ордабасыға” бас бапкер тағайындалды
Жемістердің кейбір түрлері қатерлі ісік ауруының өсуіне ықпал етуі мүмкін
Алматыда 1983 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан құбыр ауыстырылды
Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, 2024 жылғы қарашада тұтыну бағалары 0,9% өскен
Жыл қорытындысы: «Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді 
Боран соғып, көктайғақ болады
Апта басында елімізде валюта бағамы өзгерді
«Жапониядан 600 миллиард қарыз алдық»: Мақсат Толықбай Үкіметтің бюжетті жоспарлай алмай отырғанын айтты (ВИДЕО)
“90 жылдардағы бандит“. Атақты продюсер күйеуі жайлы ел білмейтін ақпаратты айтты
Жыл басынан бері әлеуметтік төлемдерге 633,4 млрд теңге төленген
Қазақстан өзбек азаматын Ресейден экстрадициялады
Елордада мұз айдыны мен сырғанақтары бар жаңа қоғамдық кеңістік ашылды
23 желтоқсандағы доллар, еуро және рубльдің бағамы жарияланды
Шырша безендірген мұғалім жарақат алды: Аймағамбетов бақылауды күшейтуді ұсынды
"Таза Қазақстан" экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді
Футзалдан Қазақстан кубогының топтық кезеңіндегі 2-тур ойындары өтті
Алматыда қылмыс жасаған өзбекстандық Ресейде ұсталды
Семейде шырша құру кезінде биіктен құлаған мұғалімнің жағдайы белгілі болды
Алматылықтарды 3,7 млрд теңгеге алдап соққан Өзбекстан азаматы экстрадицияланды
Аса ірі алаяқтық жасады деген күдікті Ресейден экстрадицияланды
Аса ірі алаяқтық жасаған күдікті Ресейден экстрадацияланды