Елімізде 45 аудан мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлау 5 қарашада өтеді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді. Оның айтуынша, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлауы биыл алғаш рет пилоттық режимде өтеді. Сайлауда, саяси париялар өз кандидаттарын ұсына алады. Сонымен қатар азаматтардың да кандидат болуға мүмкіндігі бар. Бұл ретте өзін өзі ұсынған азамат сайлауға түсіп отырған сайлау округінде тіркелген сайлаушылардың жалпы санының 1 пайыз даусын жинауы қажет. Кандидаттарды тіркеу кезеңі 25 күнге созылады. Тіркеу қажетті барлық құжаттар ұсынылған соң басталады және сайлау өтетін күнге 25 күн қалғанда аяқталады. Константин ПЕТРОВ, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Кандидаттар тіркелгеннен кейін аумақтық сайлау комиссиясы БАҚ-та кандидатты тіркеу туралы шешімін жариялауға міндетті. Сайлауалды үгіт тіркеу аяқталған соң бірден басталып, 24 күнге созылады. Әдеттегідей дауыс беру үшін жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі 07-00-ден 20-00-де дейін уақыт белгіленген. Дауыстарды санау 12 сағаттан астауы қажет. Бәсекелесінен көп дауыс жинаған кандидат сайланды деп саналады