Елімізде әуе билеті неге қымбат

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Алмаз Ыдырысов сенаттағы отырыста Қазақстанда әуе билетінің бағасы мен компаниялар шығыны қалай реттелетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz."Билет бағасына келсек, халықаралық тәжірибеге сәйкес, билеттер құны реттелмегенін айта кеткен жөн. Баға белгілеудің нарықтық механизмі (сұраныс, ұсыныс) қолданылады. Тарифтік құрылымдағы негізгі үлестерді жанар-жағармай шығыны (32%), эксплуатациялық шығын (18%), әуе кемелерінің лизингі (18%) және әуежай қызметтері (13%), жалақы қоры (6%) құрайды", - дейді Алмаз Ыдырысов.Оның сөзінше, ішкі нарықта әуекеросиннің тапшылығы және оның қымбаттығы - елдегі азаматтық авиацияның дамуын тежейтін және баға белгілеуге әсер ететін негізгі факторлардың бірі. Мысалы, 2022 жылы мұнай өңдеу зауытының өнімі (648 мың тонна) мен тұтыну (806 мың тонна) арасында19% теңгерімсіздік болды. "Айта кету керек, әуе компаниялары шығынының 80%-ға жуығы шетел валютасында жүзеге асырылады – әуе кемелерін сатып алу немесе жалға алу, қосалқы бөлшектерді сатып алу және тағы басқа. Бұл ретте әуе компаниясы табысының 80%-ға жуығы теңгемен түседі. Осыған байланысты өз шығынын өтеу үшін әуе компаниялары бағам қысымына байланысты билеттер құнын реттеуге мәжбүр", - деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі.Ыдырысовтың айтуынша, жалпы әуе билеттерінің бағасы мемлекеттік реттеуге жатпайды. "Әуе компаниясы бағаны негізсіз көтерсе, ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сай ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (БҚЖДА) монополияға қарсы әрекет ету шараларын қолданады. Мысалы, былтыр Бас көлік прокуратурасы ҚР БҚЖДА бірлесіп, қазақстандық әуе компанияларында динамикалық баға белгілеу принципін қолдану фактісі бойынша тексеру жүргізді. Нәтижесінде тиісті бұйрық шығарылды. Бұл бөлімде динамикалық баға белгілеу қағидатын реттейтін нормативтік құқықтық актіні әзірлеу жүргізіліп жатыр", - дейді Алмаз Ыдырысов.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Геннадий Головкин шаршы алаңға қайта оралмақ
Головкин кәсіби боксшы ретінде карьерасын аяқтады ма
Қысқы Универсиадаға кімдер барады?
Сыбайлас жемқорлықпен күрес – баянды болашақтың кепілі.
Сатыбалдыға қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды
Қасым-Жомарт Тоқаев: Метапневмовирусқа байланысты даурығудың қажеті жоқ
Шамадан тыс тамақтану жүректің жұмысын қиындатады
Қасым-Жомарт Тоқаев Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Студенттер үйіне барды
Мемлекет басшысы QazSwimAcademy спорт орталығының жұмысымен танысты
Алматыда жаңа жылдық мереке күндері  қауіпсіздікті қалай қамтамасыз етті?
Мемлекет әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде орындауда
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Қазақстандық паспорт саны рекордқа жетті
55 мыңнан астам адам жауапкершілікке тартылды
Дариға Назарбаеваның басы дауға қалды
Түркістан облысының әкімі тағайындалды
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Шымкентте алаяқтықпен айналысқан адам іздестіріліп жатыр
Мәжіліс депутаттары Петропавл қаласындағы бөгетті қалпына келтіру жұмыстарын көріп қайтты
Биыл теңге бағамы қандай болмақ?
Мәжіліс депутаты Анаркөл бөгетін қайта жаңғырту жұмысымен танысты
Алматыда 2025 жылы жылу және электрмен жабдықтау желілерін ауқымды жаңғырту жоспарланып отыр
Мәжіліс депутаты Ақмола облысында көктемгі су тасқынына дайындық барысымен танысты
Батыс Қазақстанда екі адамнан метапневмовирус анықталды