«Елімізде әуежайлар маңында 1200-ден астам жер учаскесі заңсыз берілген», - министр

Елімізде әуежайлар маңында 1 200-ден астам жер учаскесі заңсыз берілген. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев айтты. Оның сөзінше, бүгінде әуежай комиссияларының келісімінсіз 100 мыңнан астам нысан салынған. Заңсыз құрылыс негізінен Алматы, Шымкент, Атырау және Ақтөбе қалаларында жүргізілген. Премьер-министр бұл учаскелерді қайтаруды тапсырды. Үкімет отырысында азаматтық авиация саласындағы тағы қандай мәселелер қозғалды? Тілшіміз Бекболат Сатуов тарқатады.Азаматтық авиациядағы күрмеуі қиын мәселелер шаш етектен. Соның бірі авиаотын тапшылығы. Бұл өз кезегінде отандық әуежайлардың бәсекеге қабілеттілігін шектеп отыр. Сондықтан да тұрақсыз жағдайға байланысты әуекомпаниялар жаңа халықаралық рейстерді ашу қажеттілігін қанағаттандыра алмай отыр деді министр. Марат ҚАРАБАЕВ, ҚР ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ: Отандық мұнай өңдеу зауыттарының өндірістік қуаты авиаотынға деген қажеттілікті өтемейді. Осыған байланысты отынды Ресей Федерациясынан импорттауға тура келеді. Бұл мәселені жүйелі шешу үшін авиаотын өндірісінің жыл сайынғы көлемін ұлғайту қажет. Бұл ішкі нарықтағы тапшылықты және импортқа тәуелділікті жоюға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта Қазақстанның ұшу қауіпсіздігі стандарттарына сәйкестік деңгейі 82 пайызды құрайды. Бұл - Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдері арасындағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Қазақстан Дания мен Польша сияқты Еуропалық одақ елдерімен бір деңгейде тұр. Алайда әуежай маңында заңсыз салынған ғимараттар, ұшу қауіпсіздігіне зиян келтіреді деді премьер министр. Әлихан СМАЙЫЛОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: Әуежайлардың айналасындағы жерлер тұрғын үй құрылысына немесе бизнес нысандарына беріліп, ретсіз пайдаланылуда. Яғни, халықаралық стандарттар сақталмайды. Бұл ұшу қауіпсіздігіне әсер етеді. Әкімдіктермен бірлесіп, әуежайлардың маңындағы заңсыз берілген жер учаскелерін алып қою жұмыстарын жүргізу керек. Сондай-ақ, премьер-министр еліміздің кейбір әуежайларында ұшу-қону жолақтарына жөндеу жүргізу керек. Сондай-ақ, траптар мен жанармай құю машиналары сияқты арнайы техникалардың көбі ескірген деді. Сонымен қатар кадр тапшылығына байланысты мәселені де, жауапты ведмоствамен бірлесіп шешуді тапсырды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Астанадан бір күнде 3 мыңға жуық рейспен қар шығарылды
Ертең Алматыдағы ботаникалық бақ жұмыс істемейді
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі: Энергия тиімділігі картасы аясында бір жылда 31 жоба енгізілді
Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады