Елімізде әйелдердің жалақысы ерлерге қарағанда төмен

Әйелдердің жалақысы ерлерге қарағанда 48 процентке төмен. Басшылық қызметтегі азаматтар ондағы қыз-келіншектерден көп еңбекақы алады. Әрбір үшінші тұрғын мамандықтарды ұлдың немесе қыздың жұмысы деп бөледі. Бұл елімізде гендерлік саясаттың әлі де қалыпқа келмегенін көрсетеді. Гендерлік теңдік рейтингінде Қазақстан 65-орында тұр.Сухроб ХОДЖИМАТОВ, БҰҰ ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТҰРАҚТЫ ӨКІЛІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:Сауалнамаға қатысқан ерлердің 80 проценті елімізде әйелдердің құқығы толық қорғалған деп санайды. Сондықтан әрі қарай жұмыс істеудің қажеті жоқ деп санайды. Бірақ біз бұл пікірмен келіспейміз. Статистикаға қарасақ, бізде ерлермен бірден жұмыс істесе де олардан аз алатын қыздар бар. Елімізде әрбір үшінші ата-ана баласын ұрып тәрбиелейді. Тұрғындардың көбі таяқпен берілген тәлімнің жаманы жоқ деп санайды. Бірақ статистика мәз емес. Зорлық-зомбылық бойынша Қазақстан 169 елдің ішінде 25-орында. Ал, ТМД мемлекеттері арасында көш бастайды. Әсіресе харрасментке ұшырағандардың дені Шымкент қаласында тұрады.Жұлдыз СҮЛЕЙМЕНОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігі туралы заң жобасы 5 бағытты қамтиды. Бірінші бағыт – барлық зорлық-зомбылыққа, құқықбұзушылық, тәртіпбұзушылықтарға жауапкершілікті күшейту. Мемлекет басшысы 2020 жылдан бастап барлық бағдарламасында қоғамдағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланысты жазаны күшейтуге қатысты тапсырмалар берді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қарағандыда қала ішінде жаңа алма бағы пайда болады
Қазақстанда қандай пойыздарда әйелдерге арналған вагондар бар?
Жазушы Мұхтар Мағауин қайтыс болды: Тоқаев отбасына көңіл айтты
Елімізде -27°C-қа дейін күн суытады
Лос-Анджелесте өрт қоюшы күдікті ұсталды
ПАТОЛОГИЯСЫ БАР БАЛАЛАРҒА БІЛІКТІ КӨМЕК
Доллар бағамы тағы көтерілді
Тарихи алтын: Дінмұхаммед Райымқұлов фристайл-акробатикадан жеңімпаз атанды
Қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау – маңызы зор мамандық
Алматыда есептеу құралдары жоқ тұрғындарға суды тұтыну нормалары өзгерді
Енді елімізде дәрі QR-код арқылы беріледі
Президент Нұрлан Сауранбаевты қабылдады
Мектеп асханаларында тұз бен қант мөлшері азайтылады
Алматыда полиция есірткіге қарсы әлеуметтік жарнаманы шығарды
Криштиану Роналду 2026 жылғы Әлем чемпионатына қатысты жауап берді
Криштиану Роналду: Еурода ойнағым келеді
Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері өзгерді
Калифорниядағы Болашақ стипендиаттары қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырылды
Президент әлемге белгілі кәсіпкер және жасанды интеллект саласындағы сарапшы Ли Кай-Фуды қабылдады
Комментарийдің жазасы
Тоқаев Мағауиннің отбасына көңіл айтты
180 млн-нан 1,5 млрд теңгеге дейінгі шығындар: Қазақстанның ең тиімсіз мемлекеттік компаниялары
Қазақстанда биыл жинақтаушы зейнетақы өседі
Алматыда трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері сотталды