Елімізде балаларды спорт секцияларына қабылдау тәртібі өзгерді

Туризм және спорт министрлігі 2024 жылғы 17 мамырдағы бұйрықпен балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларына мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеуі қағидаларына өзгерістер енгізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.Енді спорт секциясына қабылдау кезегі ақпараттық жүйеде автоматты режимде жүргізіледі. Сондай-ақ баланың және заңды өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), спорт секциясының түрі, өтініштің нөмірі мен уақыты, секундтың үлесіне дейін дәлме-дәл, кезектегі реттік нөмірді қамтитын ақпараттық жүйе ұсынған мәліметтер негізінде бөлуге арналған орындардың тізімін қамтиды. Кезек балалардың заңды өкілдерінің берген өтініші бойынша баланың жас шектеулері ескеріле отырып, өнім берушінің әрбір спорт секциясы бойынша жеке құрылады.Ішкі істер органдарында есепте тұрған девиантты мінез-құлықты балалар басым тәртіппен ақпараттық жүйеде тіркеледі. Осы норманы қосу арқылы ережелер «Білім туралы» Заңның 47-бабының 5-1-тармағына сәйкестендірілді.Бұдан бөлек, түзетулермен кезектегі позиция заңды өкілдердің өтінішті қайтарып алуына байланысты немесе ваучерді алу және балалардың кезектен шығуы себебінен кему жағына қарай және осы ваучерлерді өнім беруші кері қайтарып алған балалардың кезекке оралу себебі бойынша өсу жағына қарай жылжуы көзделеді. Кезекте орын ауыстыруға жол берілмейді.Бұл түзетулер нормативтік құқықтық актіні ақпараттық жүйенің қолданыстағы функционалына сәйкес келтіру үшін енгізілді. Мәселен, қазір іс жүзінде кезекте баланың және заңды өкілінің аты-жөні, өтініштің берілген күні, спорт секциясының түрі, кезектегі реттік нөмірі көрсетіледі.

Читать источник astanatv.kz/kz/
ҚПЛ тарихында ең көп жалақы алған ТОП-5 ойыншылар
ШҚО-да 13 балықшы жауапқа тартылды
ТЖМ құтқарушылары жолда қалған шетелдікке көмектесті
АЛМАТЫ ТҰРҒЫНДАРЫ ДӘН РИЗА
Алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген ер адам БАӘ-ден Қазақстанға жеткізілді
Пиротехниканың қауіптілігі туралы ТЖМ құтқарушылары айтып берді
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Бақыт Сәрсекбаев бокстан ұлттық құрамаға оралды
Қазақстанда автовокзалдар мен автостанцияларға және жолаушылар тасымалы бойынша талаптар белгіленді
Қытай мен Өзбекстан Қырғызстан арқылы Қазақстанды айналып өтетін теміржол салады
Атыраулық дәрігерлер алғаш рет жүрекке күрделі ота жасады
Мұз үстінде ойнап жүрген екі бала құтқарылды
Алматыда атыс болды: полиция ақпаратты растады
Жетісу облысында есірткі зертханасы жойылды
Ескі жылдары шығарылған долларды айырбастау орындары қабылдамай жатыр — Ұлттық банк жауап берді
Оралда жолаушылар автобусы өртенді
Қазақстандықтарды зейнетақы жинақтарын жарнамалар арқылы делдалдарға сеніп тапсырмауға шақырды
Ұлттық ұлан әскері жас сарбаздармен толықты
Ақтаулық оқушылар сары құмырсқаның емдік қасиеті барын анықтады
БЖЗҚ азаматтарды күмәнді делдалдық қызметтерден сақ болуға шақырады
Алматыда атыс болып, қылмыстық іс қозғалды (ВИДЕО)
Семейде шыршаны безендіріп жатқан мұғалім жарақат алды: министр жағдайды бақылауға алғанын айтты
Түркістанда ауыл мұғалімдеріне Дубайға жолдама берілді
Ертең еліміздің 13 өңірінде дауылды ескерту жарияланды