Елімізде балалардың биіктен құлау фактісі азаймай тұр

Екібастұзда үш жасар бала терезеден құлап кетті. Абырой болғанда аман қалды. Қазір дәрігерлердің бақылауында. Жалпы жыл басталғалы жүзден астам бүлдіршін терезеге телміремін деп биіктен құлаған. Баланы неге бақылаусыз қалдырады? Терезе трагедиясы қашан тиылады? Тілшіміз жауап іздеп көрді. Екібастұзда үш жастағы бала үйдің үшінші қабатынан құлады. Қазір қалалық аруханада ем алуда. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, баланың жағдайы орташа ауыр деңгейде. Бұл бірінші жағдай емес. Жыл басталғалы 386 адам биіктіктен құлап кеткен. Оның 101- бала. Асылбек ЗАУРБЕКОВ, ДӘРІГЕР-ТРАВМАТОЛОГ:Аптасына кемінде 3 бала қабылдаймыз осындай жарақаттармен. Балкон, терезеден құлаған болар, этаждан немесе, үй жағдайындағы биіктіктен 1-2м биіктен құлағандарды қабылдаймыз. Биіктен құлаған балаларда көбінде бас жарақаты, аяқ-қол сүйектерінің сынуы және ішкі органдарының зақымдануы. Өткен жылы 500-ден аса балдырған терезеге телміремін деп құлаған. Өкінішке орай, 26-сы қайғылы жағдаймен аяқталды. Ал, 2022 жылы 250 бала мертігіп, 21-і мерт болды. 3 жыл бұрынғы жағдай да осыған шамалас. 28 бүлдіршін қайтыс болды. Асхат САПАРОВ, ҰШМҮО БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:2021-ші жылдан бері күні бүгінге дейін 2 298 адамның биіктен құлау фактісі тіркелді. Соның ішінде 230 адам қайтыс болды. 2 298 биіктен құлау фактісінің ішінде 1 118 бала бар. Олардың дене жарақатының ауырлығына байланысты 75 бала қайтыс болды. Сол 1,5-2 жастан бастап, 5-6 жасқа дейінгі балалар жиі биіктіктен құлайды. Төтеншеліктер түсіндірме жүргізгенмен, терезеден құлаған балалар азаймай тұр. Сол себепті бірнеше жылдан бері құрылысты жүргізген мердігерлерге қауіпсіздік торларын орнату міндеттелуде. Ербағлан ПОЛАТОВ, ТЖД МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНЖЕНЕРІ:Маса торларынан қорғайтын торды қорғау торы ретінде қолданбау қажет. Балалар соған сеніп, сүйеніп, сонымен бірге құлап кеткен жағдайлар бізде орын алып жатады. Терезеден құлап мертіккен балалардың ата-анасын заң бойынша жауапқа тарту қарастырылған. Баласына немқұрайлылық танытқандар 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Мамандардың айтуынша, жыл басынан бері ешбір ата-ана жазаға тартылмаған. Тек ескертумен шектеліпті.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Теннисші Аңсар Ниетқалиев Еуропада жылдың үздік ойыншысы атанды
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті
Шымкентте молдовалық экспансия: «Жетісу» менсінбеген қорғаушы «Ордабасының» жейдесін киеді
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
«Біз монополист емеспіз»
Тағы бір креативті хаб Ұлытау облысында ашылды
Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа шығады
Шыршаны безендіру дау-дамайдан кейін Семейде әкім ауысты
Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
«Орда» деп барып опық жеді
Қазақстан Климаттық инвестициялық қордың (CIF) таза технологиялар қоры (CTF) комитетінің мүшесі болып сайланды
Картоп көш бастап тұр...
«Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы» бекітілді 
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті
Жасыл технологиялар – болашақтың негізі
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Жұмыс орнында қызметкерлердің орындықпен қамтамасыз етілуі заңмен қадағаланады
Денсаулық сақтау министрі Алматы жұртшылығымен кездесті