Мемлекет басшысы құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру және кәмелетке толмағандардың мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру үшін барлық шараларды қабылдауды тапсырды. ІІМ ата-аналары, қамқоршылары, өгей әкелері, бірге тұратындары және бірге тұратын басқа да жақын туыстары тарапынан балаларға қатысты зорлық-зомбылық фактілері туралы хабарлама келіп түскен кездегі іс-қимыл алгоритмін әзірледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Іс-қимыл алгоритмі жеті тармақтан тұрады. 1. Ата-аналар, қамқоршылар, өгей әкелер, бірге тұратындар және басқа да жақын туыстар тарапынан зорлық-зомбылық жасалғаны туралы хабарлама бойынша қорғаншылық және қамқоршылық органдарына дереу жазбаша хабарлау және аудан әкімдіктері жанындағы жедел ден қоюдың ведомствоаралық мобильдік топтарын хабардар етуге; 2. Баланың тұрғылықты жеріне бару, пәтерді көзбен көру, санитарлық жағдайына назар аудару; 3. Баланың үйдегі жағдайын, мінез-құлқын (ұялшақтық, қымтырылу), оның физикалық жағдайын (дене жарақаттары, көгерулер, жаралар, ауру) зерттеу; 4. Бірге тұратын адамдар (аға-інілері, апа-сіңлілері және т.б.), басқа туыстардың (үлкен немере ағалары, нағашылары және т. б.) алкоголь, есірткіні пайдалануына, соттылығына назар аудару; 5. Материалдың толықтығын қамтамасыз ету; 6. Қылмыстық-жазаланатын іс-әрекет белгілері болған кезде СДТБТ-да тіркеуді дереу қамтамасыз ету; 7. Хабарламаның әрбір фактісі бойынша, тіпті ақпарат расталмаған жағдайда да, балаға қатысты зорлық-зомбылық жасау туралы, балаға қатысты құқыққа қайшы әрекеттерге жол бермеу туралы профилактикалық әңгімелер жүргізу керек. Жыл басынан бері 3700-ден астам жасөспірім қараусыз және панасыз қалғаны үшін кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына жеткізілген. Жасөспірімдер заңды өкілдерінсіз түнгі уақытта тұрғын үй-жайлардан тыс және ойын-сауық орындарында болғаны үшін 72 мыңнан астам ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ойын-сауық орындарының 1200-ден астам иелері кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта мекемелерде болуына жол бергені үшін тартылды.