Елімізде балаларға көмек көрсететін бірыңғай байланыс орталығы құрылады

Елімізде балаларға көмек көрсететін бірыңғай байланыс орталығы құрылады

Қазақстанда 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар аясында балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу, олардың құқықтары мен саламаттылығын қамтамасыз ету бойынша жаңа шаралар жүзеге асырылатын болады. ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды.Құжат Мемлекет басшысының 2022 жылдың жазында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасын орындау мақсатында әзірленді. Оның шеңберінде облыстар, аудандар және қалалар бойынша тәуекелдердің интерактивті картасы жасалады, онда балалар арасындағы құқық бұзушылықтар, зорлық-зомбылық және қорлау фактілері, сабаққа келмеу және т.б. туралы өзекті ақпарат көрсетіледі. Бұл «дағдарысты басқару» әдісін қолдана отырып, сапалы мониторинг жүргізуге және шұғыл көмек көрсетуге көмектеседі. «Сонымен қатар Финляндия тәжірибесі негізінде білім беру ұйымдары үшін онлайн сауалнамалар, тақырыптық сабақтар, әңгімелесу және сабақтан тыс іс-шаралар өткізуді көздейтін буллингке қарсы бағдарлама әзірлеу жоспарланып отыр. Сондай-ақ зорлық-зомбылыққа, қорқытуға не кибербуллингке ұшыраған немесе куә болған кәмелетке толмағандарды ерте анықтау және оларға көмек көрсету әдістемесі бекітіледі», - делінген Үкіметтің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Бұдан басқа, кейс-менеджмент тетігін қолдану арқылы мектепішілік есепке алуды жүргізу тәсілдері өзгертілетін болады. Бұл дағдарыс жағдайын анықтаудан бастап жеке жұмыс жоспарын құру және жауапты мұғалімдерді бекіту арқылы мәселені толығымен шешуге дейінгі шараларды қабылдауды қамтиды. Құжатты жүзеге асыру аясында балаларға арналған BalaQorgau бірыңғай байланыс орталығын құру, мектепке дейінгі, орта, кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарында жеке қауіпсіздік сабақтарын енгізу, сондай-ақ балаларға арналған қауіпсіз контентті қалыптастыру үшін еліміздегі TikTok, Instagram, Facebook, Вконтакте және YouTube платформаларының өкілдерімен жұмыс жүргізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар Кешенді жоспарда тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсету, аймақтық психологиялық қолдау орталықтарын құру, педагог-психологтер мен әлеуметтік педагогтердің санын көбейту, педагог-психологтердің сыныппен қосымша жұмыс уақытын енгізу және жалпы олардың жұмысын цифрландыру бойынша шаралар қарастырылған. Мұнымен қатар ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, мәдени тәрбие беру және балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық әлеуетін жүзеге асыру, балалар спортын дамыту және кәмелетке толмағандарды қосымша біліммен кеңінен қамту шаралары қабылданады. «Кешенді жоспарды іске асыру нәтижесінде кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қатыстықұқық бұзушылықтар, сондай-ақ өзіне қол жұмсау фактілері мен әрекеттері айтарлықтай төмендеуі мүмкін. Бұл ретте балаларды қорғау және олардың бос уақытын қамту деңгейі артады», - делінген хабарламада. Жоспарды іске асыру барысында республикада қосымша 1000 педагог-психолог пен 2000 әлеуметтік педагог даярланады. Сонымен қатар балалардың құқықтарын қорғау саласында жұмыс істейтін, біліктілігін арттыру шараларымен қамтылған педагогтердің үлесі жыл сайын 33%-ға артады.

"108 жастағы сиырға субсидия берілген": Депутат ауыл шаруашылығындағы мәселе туралы айтты
"108 жастағы сиырға субсидия берілген": Депутат ауыл шаруашылығындағы мәселе туралы айтты
  • bugin.kz
Шымкентте есірткі сатқан 5 адам ұсталды
Шымкентте есірткі сатқан 5 адам ұсталды
  • Massaget
Саран қаласына жаңа әкім тағайындалды
Саран қаласына жаңа әкім тағайындалды
  • el.kz
Көлікті дұрыс қыздыру маңызды
Көлікті дұрыс қыздыру маңызды
  • aqshamnews
Марқұм Шерзаттың жездесі де қамалды
Марқұм Шерзаттың жездесі де қамалды
  • aqshamnews
Мереке күні полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді
Мереке күні полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді
  • aqshamnews
Қазақстан ауыр атлетика федерациясына жаңа басшы келді
Қазақстан ауыр атлетика федерациясына жаңа басшы келді
  • aqshamnews
Қазақстанда қанша қаржы компаниясы жұмыс істейді?
Қазақстанда қанша қаржы компаниясы жұмыс істейді?
  • aqshamnews
Тұрғын үйді несиеге алатын Қазақстан азаматтарының саны күрт артты
Тұрғын үйді несиеге алатын Қазақстан азаматтарының саны күрт артты
  • aqshamnews
Музыка ғасыры Жанар Сүлеймановамен шексіз гармонияға саяхат
Музыка ғасыры Жанар Сүлеймановамен шексіз гармонияға саяхат
  • aqshamnews
Елдос Сметов «Жылдың үздік дзюдошысы» марапатынан үміткер
Елдос Сметов «Жылдың үздік дзюдошысы» марапатынан үміткер
  • aqshamnews
Алматыда бейнебақылау арқылы қылмыс азайды
Алматыда бейнебақылау арқылы қылмыс азайды
  • aqshamnews
Мерзімді қызмет сарбаздары парашютпен алғаш рет секірді
Мерзімді қызмет сарбаздары парашютпен алғаш рет секірді
  • aqshamnews
Алматыда полиция студенттердің жатақханасын тексеріп жатыр
Алматыда полиция студенттердің жатақханасын тексеріп жатыр
  • aqshamnews
Алматы полициясы күшейтілген режимге көшті
Алматы полициясы күшейтілген режимге көшті
  • aqshamnews
Алматыда полиция қарақшыларды ұстады
Алматыда полиция қарақшыларды ұстады
  • aqshamnews
Бокстан Азия чемпионатында тағы бір алтынды Айбек Оралбай алды
Бокстан Азия чемпионатында тағы бір алтынды Айбек Оралбай алды
  • aqshamnews
Сағындық Тоғамбай бокстан Азия чемпионатында ел қоржынына үшінші алтынды салды
Сағындық Тоғамбай бокстан Азия чемпионатында ел қоржынына үшінші алтынды салды
  • aqshamnews
Шерзат Болаттың өліміне қатысты  тергеу аяқталуға жақын
Шерзат Болаттың өліміне қатысты тергеу аяқталуға жақын
  • aqshamnews
Қала тұрғындары үшін жайлылық: Алматы қаласы Жетісу ауданының тұрғындары нені мақтан тұтады
Қала тұрғындары үшін жайлылық: Алматы қаласы Жетісу ауданының тұрғындары нені мақтан тұтады
  • aqshamnews
Қазақстандық фильм спорттық фильмдер фестивалінде екі марапатқа ие болды
Қазақстандық фильм спорттық фильмдер фестивалінде екі марапатқа ие болды
  • aqshamnews
Қазақстандық мектептерде медиация қызметтері пайда болады
Қазақстандық мектептерде медиация қызметтері пайда болады
  • aqshamnews
Ғылым мен мәдениеттің тоғысқан тұғыры
Ғылым мен мәдениеттің тоғысқан тұғыры
  • aqshamnews
«Назарбаев» әлі де өз күнін өзі көре алмай жүр...
«Назарбаев» әлі де өз күнін өзі көре алмай жүр...
  • aqshamnews
«Бұл қалыпты жағдай емес». «Челси» бапкері Қазақстан туралы өз шағымын айтты
«Бұл қалыпты жағдай емес». «Челси» бапкері Қазақстан туралы өз шағымын айтты
  • bassport.kz
Григорий Бабаян «Челсимен» болатын кездесу туралы: қарсыластың құрамы маңызды емес
Григорий Бабаян «Челсимен» болатын кездесу туралы: қарсыластың құрамы маңызды емес
  • aladop.kz
Абзал Бейсебеков: бүкіл күшімізді салып ойнаймыз
Абзал Бейсебеков: бүкіл күшімізді салып ойнаймыз
  • aladop.kz
Қазақстан жалпы командалық есепте Өзбекстаннан қалып қойды
Қазақстан жалпы командалық есепте Өзбекстаннан қалып қойды
  • bassport.kz
Өзбектер озды. Қазақстан қайтадан артта қалды
Өзбектер озды. Қазақстан қайтадан артта қалды
  • penalty
Олимпиада чемпионы Сметов TOП-жүлдеге үміткер
Олимпиада чемпионы Сметов TOП-жүлдеге үміткер
  • penalty
Қасым-Жомарт Тоқаев Хелен Кларкты қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Хелен Кларкты қабылдады
  • almaty_tv
Талғардағы жағдай: Қаржаубай Нұрымовтың қарындасы оқиғаның қалай болғанын баяндады
Талғардағы жағдай: Қаржаубай Нұрымовтың қарындасы оқиғаның қалай болғанын баяндады
  • qaz365.kz
Даниал Ахметов тағы бір қызметінен кетті: 11 желтоқсан 2024, 12:11 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Даниал Ахметов тағы бір қызметінен кетті: 11 желтоқсан 2024, 12:11 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Тоқаев Хромтауда студенттермен кездесті: 10 желтоқсан 2024, 14:43 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Тоқаев Хромтауда студенттермен кездесті: 10 желтоқсан 2024, 14:43 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Egov.kz-те жаңа қызмет пайда болды: 10 желтоқсан 2024, 14:29 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Egov.kz-те жаңа қызмет пайда болды: 10 желтоқсан 2024, 14:29 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Тоқаев Ақтөбе облысына барды: 10 желтоқсан 2024, 14:08 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Тоқаев Ақтөбе облысына барды: 10 желтоқсан 2024, 14:08 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Instagram-да қазақстандық музыка жоғалып кетті: Әділет министрлігі мен Meta келіссөздері: 06 желтоқсан 2024, 15:15 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Instagram-да қазақстандық музыка жоғалып кетті: Әділет министрлігі мен Meta келіссөздері: 06 желтоқсан 2024, 15:15 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Қазақстандағы ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу: не белгілі?: 04 желтоқсан 2024, 14:51 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Қазақстандағы ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу: не белгілі?: 04 желтоқсан 2024, 14:51 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
+7 (000). Қазақстан мен Ресей келісімге қол қойды: 28 қараша 2024, 12:32 - мақалалар Tengrinews.kz
+7 (000). Қазақстан мен Ресей келісімге қол қойды: 28 қараша 2024, 12:32 - мақалалар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Жолаушының ұшақ бортындағы оғаш әрекеті желі қолданушыларын ашуландырды: 28 қараша 2024, 09:29 - жаңалықтар Tengritravel.kz
Жолаушының ұшақ бортындағы оғаш әрекеті желі қолданушыларын ашуландырды: 28 қараша 2024, 09:29 - жаңалықтар Tengritravel.kz
  • TengriNews
«Төрт баланың анасы, жалғыз»: Белгілі журналист Жұлдыз Әбдікәрімоваға қолдау білдірді (ВИДЕО)
«Төрт баланың анасы, жалғыз»: Белгілі журналист Жұлдыз Әбдікәрімоваға қолдау білдірді (ВИДЕО)
  • sn.kz
«Алға» фильмі Ирандағы фестивальде екі марапатқа ие болды
«Алға» фильмі Ирандағы фестивальде екі марапатқа ие болды
  • el.kz
«Ешкімнің басына түспесін»: Түрмеден шыққан белгілі актер бәрінің қалай болғанын айтып берді (ВИДЕО)
«Ешкімнің басына түспесін»: Түрмеден шыққан белгілі актер бәрінің қалай болғанын айтып берді (ВИДЕО)
  • sn.kz
Айтылмаған Алаш ақиқаты  (Алаш кезеңі жайлы жаңа кітаптар жарық көрді)
Айтылмаған Алаш ақиқаты (Алаш кезеңі жайлы жаңа кітаптар жарық көрді)
  • e-history.kz
Құс шаруашылығы: Әлихан Смайыловтың сөзімен бірнеше депутат неге келіспеді
Құс шаруашылығы: Әлихан Смайыловтың сөзімен бірнеше депутат неге келіспеді
  • almaty_tv
Өрт шықты: солтүстікке өзге өңірден көшіп барған тұрғындар баспана сапасына сын айтты
Өрт шықты: солтүстікке өзге өңірден көшіп барған тұрғындар баспана сапасына сын айтты
  • almaty_tv
Ұлттық киім дизайнерлері сынға түсті
Ұлттық киім дизайнерлері сынға түсті
  • Otyrar
Үш бірдей кәсіпорын іске қосылды
Үш бірдей кәсіпорын іске қосылды
  • Otyrar