Елімізде баспана арзандады

Елімізде пәтер бағасы арзандады. Бұл -соңғы 10 айдағы рекордтық көрсеткіш. Әсіресе Алматы, Астана және Ақтау қалаларында үй бағасы түскен. Баға осымен тұрақтала ма, әлде тағы төмендеуі мүмкін бе? Жауабын тілшіміз мамандардан білді. Тәуелсіз сарапшылардың ақпаратына сүйенсек, пәтерлер орташа есеппен 1 пайызға арзандаған. Алматыда 700 мың, Астанада 480, ал Ақтауда 345 мың теңгеге төмендеді. Петропавл мен Таразда баға керісінше өскен. Елімізде бір шаршы метрдің орташа бағасы шамамен 369,8 мың теңге. Бірақ, тұрғындар үй арзандайды дегенге сенбейді. БЛИЦ-САУЛНАМА:-  Шамалы ғана ғой. Арзандамайды ничего. - Өте қымбат жастарға қазір. Өзімнің балаларым үйсіз енді, үйленген ғой. Өте қымбат оларға. - Заттың бәрі қымбаттағанда қайдан арзандайды ол, арзандамайды ғой. Ешқашан неғылмайды ғой, төмен түспейді ғой. Айгүл Кереева 2005 жылдан бері Астанада пәтер жалдап тұрады. Ақша жинап, үй алғысы келеді, бірақ тапқан табыстың көп бөлігі баспананың ай сайынғы ақысына кетеді. Айгүл КЕРЕЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:Мен ойлаймын, наоборот қымбаттап жатқан сияқты. Өйткені аренданың өзін постоянно бағасын өсіреді. Жастарда бар жоспар, енді мен өз басым үй ала аламын деп ойламаймын, өйткені менің табысым төмен, бала-шағаларым көмектеспесе енді, білмеймін. Риэлторлар “үй бағасы әр маусымда әртүрлі болады” дейді. Мәселен көктем-жаз аралығында баға төмендейді. Ол күзге дейін тұрақты болады да, қыс мезгілінде үлкен өсу басталады. Оған әртүрлі фактор әсер етеді. Әлібек ӘБЕНОВ, ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК КОМПАНИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:Үйдің бағасы көтеріледі - жаңалықтарға байланысты. "Баға көтеріліп жатыр, я болмаса сатылып жатқан баға көтеріліп жатыр" десе онда үй сатушы адамдар бағасын сол күні көтере бастайды. 20 миллионға алған адам квартираны, оны ешқашан 19 миллионға сатпайды. Оның бағасын 25 миллион қылып қояды да сатып алушы келгенше күтіп отырады жарты жыл болсын, я болмаса бір жыл болсын. Экономист Сапарбай Жұбаевтің сөзінше, үй бағасы - сұраныс пен ұсынысқа тәуелді. Ал қазіргі 1-2 пайыздық төменгі динамика - маусымдық өзгеріс, жыл сайын болатын құбылыс. Сонымен қатар бағаның құбылуы мемлекеттік жобаларға да байланысты. Сапарбай ЖҰБАЕВ, ЭКОНОМИСТ:Соңғы бір жарты жылда біздегі тұрғын үйлердің бағасы тұрақтанды, неге, себебі үкіметтің үлкен бағдарламалары әлі жарияланған жоқ. 1% деген нәрсе бұл енді статистика үшін керек болуы мүмкін. Ал негізінен Қазақстанда сұраныс үлкен, орта қолды адамдардың табысы бар, сондықтан үйдің бағасы анау айтқандай төмендемейді. Үй сатып алу азайса баға да күрт құлдилауы мүмкін. Ал сұраныс бар жерде ұсыныстың болатыны анық.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Жәнібек Әлімханұлы WBC басшысымен кездесіп, жекпе-жек бойынша келісімге келді
Қостанай облысында ірімшіктің 20 жаңа түрі шығарылады
«Жағдайы» ауыр». Шыршаны безендіру кезінде құлаған мұғалім жайлы досы мәлімет берді
«Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы» бекітілді 
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті
Жасыл технологиялар – болашақтың негізі
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Жұмыс орнында қызметкерлердің орындықпен қамтамасыз етілуі заңмен қадағаланады
Денсаулық сақтау министрі Алматы жұртшылығымен кездесті
«Бурабай» емдеу-сауықтыру кешені еліміздегі үздік 20 кәсіпорынның қатарына енді
Криштиану Роналду ислам дінін қабылдады ма?
Апаттар медицинасы орталығы: Биыл 3 мыңнан астам адам құтқарылды
Биыл су қоймалары 75 миллиард текше метр су жинады
Ресейден ірі алаяқтыққа күдікті әйел экстрадицияланды
Тағы бір ел Tik Tok желісін пайдалануға тыйым салды
Тауға бармай тұра тұрыңыз
Алматыда «Добрая крышечка» экоакциясына қатысушылар марапатталды
Алматы метросында ұялы байланыс және интернет қолжетімді болды
Пневмонияға шалдыққан науқастар қатары көбеюде
Арбатта Жаңа жылға арналған ақжарма тілектер пайда болды
«Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді