Елімізде баспана мәселесі жасанды интеллект арқылы шешілуі мүмкін

Қазақстанда халыққа арналған әлеуметтік көмекті жасанды интеллект арқылы жүзеге асыру әдістері қаралып жатыр. Бұл туралы Астана халықаралық форумында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Министр жасанды интеллектті дамыту үшін сапалы деңгейде жинақталған мәліметтердің құрылымдық деректер қорын қалыптастыру қажет екенін атап өтті. «Қазір бізде 400 түрлі деректер базасы бар және оларды біріктіруге тырысып жатырмыз. Бұл ретте біріктіріліп жатқан 80 негізгі деректер базасы бар. Енді біз оларды талдап, нәтижесін шығарамыз. Мәселен, Қазақстанда 600 мың адам тиімді бағада баспана алуға өтініш жасаса, олардың кейбірі осыдан 10 немесе 5 жыл бұрын құжаттарын өткізген. Бірақ біз қазір мәліметтер базасын бір деректер қорына біріктірдік және осы 600 мың өтінішті зерделедік. Осы орайда олардың жарты миллионында пәтерлер бар екені анықталды. Олар енді Үкіметтен бұл қолдау түрін алмайды. Дегенмен, тиісті қолдау баспанаға мұқтаж басқа отбасыларға бағытталады», - деді Б. Мусин. Бағдат Мусин Қазақстан мемлекеттік қызмет көрсетудің проактивті әдісіне көшуге назар аударып отырғанын айтты. Бұл өз кезегінде Қазақстан халқына қандай қолдау қажет екенін түсінуге мүмкіндік береді. «Осыған дейін әлеуметтік көмек алуға жүгінбеген азаматтарға 60 000 SMS жіберіп, хабарламадағы сілтемені басу арқылы осы көмекті алуға жағдай жасалатынын ескерттік. Осы орайда мұндай тәсілдер жасанды интеллекттің бастапқы мүмкіндіктерінің бірі саналады. Алдағы уақытта бұл технологиялар арқылы талдау жасауға көшеміз», - деді министр. Бұдан бұрын хабарланғандай, елімізде жыл соңына дейін жасанды интеллекті дамыту стратегиясын жариялау жоспарланып отыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Жібек Құламбаева ITF W35 турнирінің финалына шыға алмады
Қазақстандағы құқықтық мәдениет деңгейі қандай?
Фастфуд емес: ағзаның қартаюын тездететін тағамдар аталды
Көктөбеде мерекелік рух асқақтап тұр
2025 жылы туристер үшін ең қауіпсіз болатын 7 ел
Алматыда Шыңғыс Айтматовтың туған күніне орай дөңгелек үстел өтті
Айгүл Иманбаева күйеуінің қалай еркелететінін айтып мақтанды
Қазақстандықтар Мальдив аралдары мен Тайландқа саяхаттаудан рекорд жаңартты
Ауа райына байланысты бірнеше өңірде жол жабылды
Алматыдағы психиатриялық орталықтағы қылмыстық іс бойынша сот жалғасуда
Шыңдағы рух күші: алматылық оқушылар Тәуелсіздік күнін шыңда атап өтті
Астанада Бибігүл Төлегенованың 95 жас мерейтойына арналған салтанатты концерт өтті
Екі облыста жол жабылды
Қазақстандағы инклюзивті қоғам: даму жолдары мен болашағы
«Мамандығым – бухгалтер»: әнші Сырым Исабаев он жыл бойы сахнаға неге шықпағанын айтты
«Мандарин қабығынан жасалған лосьоны бір айда беттегі әжімнің 90% кетіреді» - фейк
Шығыстағы шалғай ауылдарға шағын мектептер салынады
Доллардың бүгінгі бағамы
Екібастұзда этнос өкілі оқушыларға музыка арқылы қазақ тілін үйретіп жүр
16 желтоқсанда бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Кибершабуылдарды талдау орталығы мәлімдеме жасады
Талғардағы трагедия: КШТТО «ботофермаға» қатысты мәлімдеме жасады
Қазақстан шорт-тректен Сеулде өткен World Tour кезеңінде бесінші орынға ие болды
Нұрқожа Қайпанов әлемдік рейтингте үздіктер қатарына қосылды