Елімізде бизнеске жүктемені азайтудың жаңа тетіктері іске асырылады

Енді кәсіпкерлікпен айналысу бұрынғыдан әлдеқайда жеңіл болмақ. Мемлекеттік бақылау жүйесі ретке келтіріліп, тексеру ашық түрде жүргізіледі. Сондай-ақ бизнеске жүктеме азайып, жемқорлыққа жол берілмейді. Мәжіліс кәсіпкерлердің мүддесін қорғайтын заң жобасын мақұлдады. Тақырыпты толығырақ әріптесім Ақбота Базарбай тарқатады.Мемлекет тарапынан бизнес үшін маңызды емес талаптар қысқарып, әкімшілік жүктеме азаяды. Заңды іске асыру мақсатында 326 түзетуді қамтитын заң жобасы әзірленді. Мәжіліс мақұлдады. Жауапты ведомствоның ақпаратынша, түзетулер бақылау мен қадағалау нысандарын ретке келтіруге, қадағалау салаларындағы жедел ден қою шараларын тек заңнамалық деңгейде регламенттеуге бағытталған. Әлібек ҚУАНТЫРОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ: Жедел ден қою шараларын қабылдау мемлекеттік органдарға құқық бұзу деректеріне заң жүзінде әрекет етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бизнес субъектісінің кінәсінен халықтың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін қоғамдық қауіпті қолайсыз жағдайларды болдырмауға ықпал етеді. Иә, жауапкершілік тек кәсіпкерге ғана емес, келісімшартқа отырған басқа да бизнес субъектілеріне ортақ болады. Бұл тұрғыда жүргізілетін тексерулер тек кәсіпкерлікке деген жүктемені азайтып қоймай, жалпы халықты қауіп-қатерден сақтайды дейді депутат. Болатбек НӘЖМЕТДИНҰЛЫ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «АМАNАТ» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Біз осы өнімдердің жеткізушісін табу керекпіз. Кім әкелді, өнімді қандай жағдайда сақтады, тұтынушыға қалай жеткізілді. Осы тексерістерге заң жобасы өкілеттік береді. Бұл өзгерістерді кәсіпкерлер де қолдап отыр. Адал жұмыс істеген бизнес иелері нарықта бәсекеге қабілетті бола алады дейді. Гүлнар ҚҰРБАНБАЕВА, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ КӘСІПКЕРЛЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Бизнес үшін бұл әлдеқайда қолайлы схема, өйткені ол бақылау тұрғысынан ашық әрі тиімдірек болады. Мемлекет бүгінде бизнеске өз қателіктерін түзетуге мүмкіндік беріп отыр. Біз белсенділікті тексеруден профилактикалық бақылауға көшеміз. Депутаттар заң жобасы арқылы енгізілген өзгерістер мен толықтырулар мемлекеттік бақылау жүйесін ретке келтіруге, оларды жүргізудің ашықтығына кепілдік береді. Сондай-ақ бизнеске жүктеменіғ сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады дейді. Түзетулер арнайы жұмыс тобының жиырма екі отырысында, онан кейін Комитеттің кеңейтілген отырысында талқыланған.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының қорытындысы шықты
Қытайда метапневмовирус өршуі коронавирустан да қауіпті екені рас па?
Қытайда метапневмовирус өршуі коронавирустан да қауіпті екені рас па?
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының қорытындысы шықты
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
АҚШ-тың экс-президентін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 6 күнге созылады
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды