Елімізде бір және екі бөлмелі пәтерге сұраныс артқан

Елімізде өткен жылдың соңында тұрғын үй саудасы қызған. Желтоқсан айының өзінде 34 мыңға жуық баспана сатылды. Бағасы да арзандады. Әсіресе, бір және екі бөлмелі пәтерлерге сұраныс жоғары. Тұрғын үй сату көрсеткіші бойынша оңтүстік өңірлер алда. Ал солтүстікте керісінше белсенділік төмен. Тілшілеріміз тарқатады. Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ: Шымкентте баспана бағасы арзандай бастады. Жылжымайтын мүлікті сатумен айналысатын орталық мамандардың мәліметінше, жаңа жыл қарсаңында бір және екі бөлмелі пәтерлердің сатылымы көбейген. Бұл бағаның түсуімен байланысты көрінеді. Нарықта пәтерлер 10-15 процентке арзандады. Нұрлан ДОСЫМБЕКОВ, ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК САТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Мысалы үшін 1 бөлмелі пәтерлер 18 млнға дейін баратын болса, қазір 13-14 млн. теңгеге дейін түсіп қалды. Екі бөлмелілер 20-22 млн болатын болса қазір 18 млн-ның шамаларында, 18-20-ға дейін барып қалады. Вторчный рынок қой бағалары түсіп жатқан. Қолжетімді бағалар сол болып тұр. Риэлторлар қаңтар басталғалы баспана сату мен сатып алудың біршама жандана бастағанын айтады. Пәтер қожайындары нарыққа қарай икемделіп, бұрын шарықтаған бағаны біртіндеп түсіре бастапты. Бұған мемлекеттік бағдарламаларда әсер еткен. Бірақ баға бәріне қолжетімді деуге келе қоймайтын сияқты. Сатып алуды айтпағанда пәтер жалдау ақысының өзі аспандап тұр дейді тұрғындар. БЛИЦ-1: - Қазір екі бөлмелінің өзі 200 мыңға барады. 200 мың бұл бір адамның табысы ғой. Мысалыға жалдау ақысы бір адам оны квартираға еріп қойып, тамақсыз отыра алмайды ғой. БЛИЦ-2: - Бізде өзіміздің баспанамыз бар. Бірақ Шымкент қаласында басқа қалалармен, Таразбен мысалы салыстырғанда өте қатты қымбат. Бізде құдай қаласа алдағы уақытта алып жатсақ онда бірден алуға мүмкіндік жоқ. Проценті ипотекамен алсақ тоже өте көп ақша жинау керек. БЛИЦ-3: - 10 жыл стаж болғанмен қаражат жету мүмкін емес мұнша қаражат жинау. Одан бөлек кредит ипотека алатын болсақ проценттері өте үлкен пайыздары. Сол үшін менің ойымша жастар пәтер алған кезде тек процентке жұмыс істеп жатыр. Процент төлеп жатыр. Ал бастапқы сумма құятындай да жастарда ондай қаражат жоқ. Мамандардың мәліметінше, былтырғы жылы мүлдем тұралап тұрған жылжыматын мүліктерді сату мен сатып алу нарығы қоян жылы жаман басталмады дейді. Әзірге нақты ақшаға алатындар аз. 70-80 процент халық банк арқылы несиеге рәсімдейді. Мұның өзі жаман көрсеткіш емес дейді мамандар. Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ: Шымкентте жеке үйлердің сатылу бағасы да түсе бастады. Жылымайтын мүлік сатумен айналысатындар алушы да, сатушы да артып жатқанын айтады. Жеке үйлердің құны 20 процентке дейін төмендеген.. Абзал ҚҰРМАНКИН, ТІЛШІ: Қызылжарда жылжымалы мүлік нарығы уақытша тұралап қалды. Нарықтың бәсеңдеуі әдеттегідей қаңтар айында емес, бұл жолы өткен жылдың орта кезінен басталған. Мұны сала мамандары да растап отыр. Былтырғы жылмен салыстырғанда пәтер саудасының көрсеткіші шамамен 20 процентке кеміген. Нарық белсенділігінің төмендігі үй бағасына әсер ете бастады. Қызылжарда жылжымайтын мүлік құны арзандай бастаған. Инна КОВАЛЕВА, ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК НАРЫҒЫНЫҢ САРАПШЫСЫ: Қазір Петропавлда пәтер бағасы 7 пайызға арзандады. Себебі сатылым шамамен 40 пайызға төмендеді. Бұрын мемлекеттік бағдарламалар нарықты жандандырып отырды. Ал қазір стагнация байқалып отыр. Баспана нарығы бәсеңдегенмен үйлердің құрылысы тоқтамақ емес. 2022 жылы 30 бюджеттік және коммерциялық тұрғын үй салынды. Биыл жеке сектор мен билік өкілдері бұл көрсеткішті арттыруды көздеп отыр. Абзал ҚҰРМАНКИН, ТІЛШІ: Қазір жұрт жаңа мемлекеттік бағдарламалардың іске қосылуын күтіп отыр. Жылжымайтын мүлік нарығындағы серпіліс тек тың жобалардың арқасында ғана жүзеге асады, дейді сала мамандары. А. Төребекқызы

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Осылай бірге жүріңдерші»: жұрт Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімоваға бақыт тіледі
Қонаевта мұз үстінде сырғанап жүрген екі бала құтқарылды
«Жағдайы» ауыр». Шыршаны безендіру кезінде құлаған мұғалім жайлы досы мәлімет берді
Қонаевта мұз үстінде сырғанап жүрген екі бала құтқарылды
“Жаныма қатты батты“. Баян Мақсатқызы Бишімбаев ісіне қатысты жаңа жобаның құпиясын ашты
Түркістан облысында ауыл жұрты қасқырдан қорқып, көшеге шыға алмай отыр
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ұлытау облысына іс-сапармен барды
Сізді күннен күнге бақытсыз ететін 3 әдет
Дәрігер ауыз қуысынан көрінетін қант диабетінің белгісі туралы айтты
23 желтоқсанда ауа райы қандай болады?
Қарағандыда қалың қардан жүк көлігі жолдың шетіне шығып кеткен
«Осылай бірге жүріңдерші»: жұрт Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімоваға бақыт тіледі
Атырауда 62 ерлі-зайыпты ажырасуға арыз беріп, кейін татуласып кеткен
АЛМАТЫ ТҰРҒЫНДАРЫ ДӘН РИЗА
Қостанайда қар құрсауында қалған балықшылар құтқарылды
«Мені өлді деп ойлаған»: Жұлдызай Дүйсенбиева басынан өткен жағдай туралы айтты
Шымкенттік дәрігер республикада үздік атанды
Қазақстанның үш каратэшісі әлем үздіктерінің қатарына енді
Тұман, бұрқасын, жел: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген ер адам БАӘ-ден Қазақстанға жеткізілді
Азамат Дәулетбеков өзбек балуанын жеңіп, халықаралық турнирдің чемпионы атанды
Атырауда шаруалар облыс әкімдігі ғимаратының алдында тентіреп жүр
"Жүрегім бос": Қуат Хамитов болашақ жарына қатысты талаптарын айтты
Заңға енгізілген түзетулер: Бұрынғы президенттер туралы ақпарат неге құпия саналатын болды?