Елімізде бір уақытта 2 миллионға жуық оқушы күй шертті. Оған барлық білім беру ұйымдары атсалысты. "Күй күмбірі" атты республикалық челлендж биыл екінші рет ұйымдастырылды. Дәрібек БАХЫТБЕК, ТІЛШІ: Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра. Дәл қазір мына оқушылардың күмбірлеген күйін естігенде делебем қозып тұр. Көріп тұрғандарыңыздай атмосфера ерекше. Сөзбен жеткізу мүлдем мүмкін емес. Мен домбырада ойнай алмасам да, есесіне мына ағайынды бүлдіршіндер керемет күй шертті. Небәрі 10-12 жаста. Домбыраны жандарына серік еткендеріне 5 жылға жуықтапты. Ол, ол ма? Күй шығарады екен. Ерасыл БЕРІКҚАН, ОҚУШЫ: Домбыра ойнау қазақтың ұлттық аспабы. Еларыс БЕРІКҚАН, ОҚУШЫ: Домбыра ойнағанда рахат аламыз. Мен өзімді жақсы сезінем домбыра ойнаған кезде. Әйтеуір бос уақыт табыла келсе домбыра прям желания будет. Бір күйді бір айда или бір аптада жазамын. Республикалық акцияда Құрманғазының "Балбырауын", "Адай" "Сарыарқа" сынды күйлері орындалды. Жырға бөлеген шараға 127 мың астаналық оқушы мен студент қатысты. Ғани БЕЙСЕМБАЕВ, ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ: Домбыраны қолға алып, күмбірлете күй ойнап, осы күйді тыңдаған осы жерде отырған кез-келгеннің бойында белігілі бір шымырлаған сезім болды ғой деймін. Қандай рухты көтеретін, қандай тәрбиенің қайнар көзі десе де болады. Айта кетейік, еліміздегі мектептер мен колледждерде мыңға жуық домбыра үйірмесі бар. Онда 100 мыңнан аса жас жеткіншек білім алып жатыр.