Елімізде дәрі-дәрмек бағасы қымбаттауы мүмкін

Елімізде бірқатар ерітінді мен жақпа майлардың және дәрі-дәрмектің бағасы қымбаттауы мүмкін. Отандық фармацевтер осылай деп дабыл қағуда. Себебі шетелден жеткізілетін фармацевтикалық субстанцияларды Қазақстанда тіркеу талабы енгізілгелі отыр, деп хабарлайды Астана телеарнасы Хабар 24 арнасына сілтеме жасап. Өкінішке қарай, қазір дәрілік қоспалардың ешқайсысы елімізде өндірілмейді. Дені Еуропа, Қытай және Ресейден тасымалданады. Халықаралық сертификаттары бар. Егер оны Қазақстанда қайта тіркесе, біріншіден қымбатқа түседі, әрі бұл ұзақ уақытты алады. Әсіресе, препаратты өздері жасайтын дәріханалар үшін қиынға соққалы отыр. Себебі олар шикізатты аз мөлшерде алады. Қазір республикада ондай дәріханалардың саны - 126. «Егер жаңа талапты енгізетін болса біз амал жоқ жабыламыз. Себебі Қазақстанда субстанцияның бағасы бірден шарықтайды. Ал ол жағдайда жұмыс істеу мүмкін емес. Сырттан жеткізілетін әр шикізатты заң жүзінде тіркейтін болсақ, біздің есебіміз бойынша шамамен құны 5 есеге қымбаттайды», - дейді фармацевтикалық компания директоры Ольга Цейц. Ал министрліктегілер фармацевтердің алаңдауына негіз жоқ екенін алға тартып отыр. «Фармацевтердің алаңдауына әзірге еш негіз жоқ. Әлі бұл талап енгізілген жоқ қой. Қазір қоғамдық тыңдау өтіп жатыр. Бизнес қауымдастықтың зардап шекпеуіне біз де мүдделіміз. Сондықтан бұл талапты алып тастауымыз да мүмкін», - деді ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің басқарма басшысы Эрик Құлшанов.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстандық сәйгүлік Дубайдағы бәйгеде топ жарды
ДСМ биыл алғаш рет «Кәсібінің үздігі» республикалық конкурсын өткізді
Қарулы күштердің әскери қызметшісі Мәскеуден жеңіспен оралды
Қарулы күштердің әскери қызметшісі Мәскеуден жеңіспен оралды
Алматыдағы әскери институтта Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті
ДСМ биыл алғаш рет «Кәсібінің үздігі» республикалық конкурсын өткізді
ТЖМ құтқарушылары - ММА бойынша әлем чемпиондары
Алматыда XII Халықаралық «Бастау» кинофестивалі мәресіне жетті
«Елімнің бақытын тербеген Тәуелсіздік»
ҒЫЛЫМ – МӘҢГІЛІК МҰРА
Қазақстанның екі өңірінде жол жабылды
Павлодар облысындағы алтын кенішінде ер адам қаза тапты
Алматылық оқушылар Тәуелсіздік күнін шыңда атап өтті
Атырауда бір топ адам намаз оқу үшін жолды жауап тастаған (АИДЕО)
Сақинасын шеше алмаған жас келіншек құтқарушылардан көмек сұрады
Қазақстанның басым бөлігінде ескерту жарияланды
Астанада Қабанбай батыр даңғылының бір бөлігі жабылды: 15 желтоқсан 2024, 13:10 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Түркістан мен Жамбыл облыстарында жолдар жабылды
Илья Ильиннің әйгілі қарсыласы үшінші рет әлем чемпионы атанды
Илья Ильиннің әйгілі қарсыласы үшінші рет әлем чемпионы атанды
Алматыдан 712 шақырым жерде жер сілкінді
Жетісу облысында қоғамдық моншада өрт шықты
Жетісу облысында алты адам қар құрсауында қалып қойды
Талғарда жаңа әкім тағайындау үшін сайлау болып жатыр