Елімізде енді табиғи жүн мен былғарыдан жасалған ойыншықтарды сатуға тыйым салынады

Елімізде табиғи жүн мен былғарыдан ойыншық жасап, сатуға тыйым салынады. Өйткені бұл бұйымдар “Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы” техникалық регламенттің талаптарына сай келмейді. Сондай ақ бала денсаулығына кері әсер етеді. Былтыр Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 25 түрлі балалар тауарынан зиян қоспалар анықтаған екен. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.Биыл елдегі ойыншықтардың қауіпсіздігін реттейтін регламент өзгереді. Онда табиғи жүн мен былғарыдан, резеңке, картоннан жасалған балалар тауарын өндіру мен сатуға тыйым салынады. 3 жасқа дейінгі балаларға арналған ойыншықтарға түйіршік қоспалар қосуға болмайды. Бұдан бөлек тамақ өнімдерімен бірге жеткізілетін немесе азық-түлікпен бірге сатылатын тауарларды қаптау міндеттеледі.“Ойыншықтарды қолдану кезінде оның бөлшектері, бұрыштары баланың өміріне, денсаулығына зиян келтірмеуі керек және төрт жарым киллограмнан артық болмауға тиіс. Негізінен бірнеше өзгеріс бар. Енді олар жарты жылдан кейін күшіне енеді”, – деді техникалық реттеу бойынша үйлестіру орталығы басшысының орынбасары Ғалым Мұқыжанов. Былтыр Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 25 балалар ойыншығын тексерген. Олардың барлығы талапқа сай болмай шығыпты. Онымен қоса қате таңбаланыпты. Сондай-ақ құрамында химиялық заттар да жетерлік. Бұл бала жүйкесіне кері әсер етіп, созылмалы ауруларға әкеп соқтырады дейді мамандар. “Ең көп сәйкес келмейтін ойыншықтар Қытайдан келген. Бұзушылықтардың негізгі саны 3 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға арналған ойыншықтарға тиесілі. Оның ішінде тақырыптық, жұмсақ, бейнелі, механикалық ойыншықтар”, – деді Алматы қалалық СЭБД техникалық регламент талаптарын бақылау бөлімінің басшысы Абылайхан Үмбетәлиев. Мамандар ойыншықтарды арнайы мамандандырылған дүкендерден сатып алған жөн дейді. Себебі онда сапалы өнімді сатып алу мүмкіндігі жоғары. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Сенаторлар өңірлерде жергілікті тұрғындармен кездеседі
3,7 млрд теңге жымқырған есепші Ресейден елге қайтарылды
Шыршаны безендіру кезінде құлап кеткен мұғалімнің ісі: жауаптылар жазаланды
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
«Біз монополист емеспіз»
Тағы бір креативті хаб Ұлытау облысында ашылды
Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа шығады
Шыршаны безендіру дау-дамайдан кейін Семейде әкім ауысты
Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
«Орда» деп барып опық жеді
Қазақстан Климаттық инвестициялық қордың (CIF) таза технологиялар қоры (CTF) комитетінің мүшесі болып сайланды
Картоп көш бастап тұр...
«Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы» бекітілді 
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті
Жасыл технологиялар – болашақтың негізі
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Жұмыс орнында қызметкерлердің орындықпен қамтамасыз етілуі заңмен қадағаланады
Денсаулық сақтау министрі Алматы жұртшылығымен кездесті