Енді елімізде жаңа туған сәбиді тастап кеткенін хабарламаған медициналық ұйымдар мен балалар үйінің қызметкерлері жауапқа тартылады. Балалар үйі немесе медициналық ұйымдар жетім немесе ата-ана қамқорлығынсыз қалған баланы қабылдағанын құзырлы органдарға хабарлауға міндетті. Әйтпесе айыппұл салынып, қамауға алынуы мүмкін.Одан бөлек құлдық пен жезөкшелік құрбандарына өтемақы төленбек. Притон ұстау мен жеңгетайлық ауыр қылмыс қатарына жатқызылады. Себебі заңға "адам саудасымен байланысты қылмыстар" ұғымы енгізіліп, "кісіні қанау" түсінігі кеңейтіледі.Ішкі істер министрлігінің дерегінше, былтыр адам саудасына қатысты 93 қылмыстық іс тіркелген. Оның 67-і "жеңгетайлық", яғни сексуалдық сипаттағы ақылы қызметтерді ұсынатын притондар ұстау. Сонымен қатар "жеңгетайлық" қызметті "интернет желісі арқылы" жасау деген де саралау үлгісі пайда болады. Сәйкесінше, ол үшін де қылмыстық жауапкершілік қарастырылмақ. “Қазір адам саудасының айналымы 270 миллиард долларға жеткен. Тіпті есірткі бизнесінен асып түсіп отыр. Сұмдық! Бұл түсінікке құлдық та, ағза мүшелерінің саудасы да, қайыр сұрау, жезөкшелік те кіреді. Яғни бұл – адамның материалдық, психологиялық немесе өзге де тәуелділігін пайдалана отырып, қанау. Ол жұмыссыз, баспанасыз, не құжаты жоқ кісі болуы мүмкін. Сондықтан "адам саудасының ықтимал құрбаны" деген жаңа ұғым енгізіліп отыр”, – деді парламент мәжілісінің депутаты Марат Башимов.Сондай-ақ былтыр адам сатуға байланысты 19 дерек анықталған. Сәйкесінше, әр фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, басым бөлігі бойынша шешім шығарылған. Нәресте саудасы үшін шамамен 16-17 адам жазаланған. Қыздарды шетелдік притондарға сатқан 17 адам жауапқа тартылды. Сәбилер мен кәмелет жасына толмағандарды саудалағаны үшін қылмыскер 18 жылға сотталады.“Биыл сәби саудасына қатысты үш дерек тіркеліп отыр. Бәрі дерлік Қазақстан аумағында болған. Саудаға түскен сәбилерге қойған баға 100 мың теңгеден бастап, 2 миллион теңгеге дейін барады”, – деп мәлімдеді ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев.Адам саудасына қарсы іс-қимыл органдарының әрекеттесу қағидаларын реттеу жоспарланып отыр. Құлдық пен жезөкшелік құрбандарына қажет көмек көрсетілуі үшін әлеуметтік арнаулы қызметтер ұсынылады. Жаңа заң жобасына сәйкес адам саудасына байланысты қылмыстарға қатысушылардың татуласу мүмкіндігі жойылады.
![Елімізде енді тастанды сәбидің келіп түскенін хабарламаған медициналық ұйымдар жауапқа тартылады](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1499743/image.jpg.webp)
Елімізде енді тастанды сәбидің келіп түскенін хабарламаған медициналық ұйымдар жауапқа тартылады
Жаңалықтар
!["Қыздарды өзге ұлт өкіліне шығуға шақырған емеспін". Фариза Ескермес неліктен орыс жігітті таңдағанын түсіндірді](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1561656/image.png.webp)
![Түркістандық ата-ана Кореяға жұмысқа бару үшін баласын мешітке тастап кеткен](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1561651/image.jpg.webp)
!["Ұмраға жолдама". Дина Төреәлі ағасы Төреғалидің тұңғышының туған күніне не сыйлағанын көрсетті](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1561642/image.jpg.webp)
![Шымкенттік дәрігерлер инсульт алған жас жігітті аман алып қалды](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1561635/image.jpg.webp)
![«Орыс жігіттердің өзі қазақша сөйлейді» – Әлімхан Сыздықов](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1561627/image.jpg.webp)
!["6 айлығымда аузыма ақын Қайыпназар Әйтпенов түкірген". Төреғали Төреәлі қазақтың ырымына қатысты пікір білдірді](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1561622/image.jpg.webp)
!["Ішкі көңіл-күй астан-кестен боп жүрді". Бағлан Әбдірайымов жан сырын ақтарды](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1561609/image.jpg.webp)
!["Бәрі керемет деп айта алмаймын". Танымал қазақстандық блогер ұлының жағдайын айтты](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1561596/image.png.webp)
![Астанада репродуктивті денсаулық апталығы өтіп жатыр](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1561613/image.jpg.webp)
!["Шымкенттен арнайы келген". Руслан Берденов ешкім күтпеген рәсімді орындады](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1561583/image.jpg.webp)
![Қазақстандықтар әйгілі кубалық боксшыға шапан жапты](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1561580/image.jpg.webp)
![Журналистерге арналған «Парламент сөзі» сыйлығының иегерлері анықталды](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1561577/image.jpg.webp)
![Қазақстандық компания Еуроодақтың санкциясына тап болды: министрлік не дейді?](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1561571/image.jpg.webp)
![«Мені енді тоқтата алмайсың!»: Әнші Қарлығаш Сұлтанша Ернар Айдарды өтірікші деп айыптады](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1561573/image.jpg.webp)
![«AMANAT»: Қоғамдық қабылдауда қоғамды алаңдатқан мәселелер қаралды](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1561574/image.jpg.webp)
!["Еркек басыммен неге жыладым?" Аула тазалаушы әйелдің адам танымастай өзгерген видеосы көпті тәнті етті](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1561556/image.png.webp)
![Бишімбаевқа қатысты апелляциялық сатыдағы сот отырысын қайдан көруге болады?](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1561557/image.jpg.webp)
![Ішкі істер вице-министрі Түркия жандармериясының өкілін қабылдады](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1561539/image.jpg.webp)
![Қазақстандық студент БРИКС V спорттық ойындарының жүлдегері атанды](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1561543/image.jpg.webp)
![Нидерланды мен Австрия арасындағы кездесу күтпеген нәтижемен аяқталды](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1561569/image.jpg.webp)
![Копа Америка-2024 қандай болады, кім чемпион атанады және Pin-Up KZ пікірі бойынша қандай командалар таң қалдырады?](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1561523/image.jpg.webp)
![Қазақстанда зейнетақы жинағын ерте шешіп алу тоқтатылуы мүмкін](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1561033/image.png.webp)
![Шымкентте бес айдың ішінде кәмелкетке толмаған 55 қыз босанған](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1560828/image.jpeg.webp)
![Қызын өлтіріп, аттракционнан секіріп кеткен: Алматыдағы қайғылы оқиғаның мән-жайы](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1560792/image.jpeg.webp)
![Қазақстанда жұмыс уақыты бір сағат ерте басталуы мүмкін](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1560688/image.webp.webp)
![Алматыдағы фонтан маңында болған қайғылы оқиға: жасөспірімнің өлімінің себебі әлі белгісіз](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1560333/image.jpeg.webp)
![Қатаң шаралар қабылдаңыз - Бектенов жылу беру маусымына қатысты тапсырма берді](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1560122/image.jpeg.webp)
![Күзге арналған жұлдыз-жорамал: кімдердің жолы болады?](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1007081/image.jpeg.webp)
![Желіде қызды ұрып-соғу оқиғасы түсірілген видео тарады](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1554348/image.jpeg.webp)
![Алматы жаһандық бизнес орталыққа айналады: әлемдік көшбасшылар тарихи форумға дайындалып жатыр](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1553859/image.png.webp)
![Капиталистік жүйеде постколониализмнің орны қандай?](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1551928/image.jpg.webp)
![Есіртке мас күйде ұсталған: Төреғали полицейлер туралы клип түсірді (ВИДЕО)](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1561354/image.jpeg.webp)
![Ұландық оқушылардың жазғы демалысына толық жағдай жасалмақ](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1560892/image.jpeg.webp)
![«Өз халқын сорлы көрсетуден жарыс болса, бірінші орын беруге болады»: Ғалым Қытайда жүлде алған қазақ киносын сынады](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1561030/image.jpg.webp)
![Түлкібаста жүк вагонының рельстен шығып кетуінен 10 бағыттағы пойыз кешігіп жатыр](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1561470/image.jpg.webp)
![Түлкібаста жүк пойызы вагондарының рельстен шығып кету себебі белгілі болды](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1561403/image.jpg.webp)
![Түркістан облысында жүк пойызы рельстен шығып кетті](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1561334/image.jpg.webp)
![Дәстүрге айналған «Таза Қазақстан» акциясы жалғасып жатыр](https://smi24.kz/userdata/article/2024/article_1561274/image.jpg.webp)