Елімізде енді тастанды сәбидің келіп түскенін хабарламаған медициналық ұйымдар жауапқа тартылады

Енді елімізде жаңа туған сәбиді тастап кеткенін хабарламаған медициналық ұйымдар мен балалар үйінің қызметкерлері жауапқа тартылады. Балалар үйі немесе медициналық ұйымдар жетім немесе ата-ана қамқорлығынсыз қалған баланы қабылдағанын құзырлы органдарға хабарлауға міндетті. Әйтпесе айыппұл салынып, қамауға алынуы мүмкін.Одан бөлек құлдық пен жезөкшелік құрбандарына өтемақы төленбек. Притон ұстау мен жеңгетайлық ауыр қылмыс қатарына жатқызылады. Себебі заңға "адам саудасымен байланысты қылмыстар" ұғымы енгізіліп, "кісіні қанау" түсінігі кеңейтіледі.Ішкі істер министрлігінің дерегінше, былтыр адам саудасына қатысты 93 қылмыстық іс тіркелген. Оның 67-і "жеңгетайлық", яғни сексуалдық сипаттағы ақылы қызметтерді ұсынатын притондар ұстау. Сонымен қатар "жеңгетайлық" қызметті "интернет желісі арқылы" жасау деген де саралау үлгісі пайда болады. Сәйкесінше, ол үшін де қылмыстық жауапкершілік қарастырылмақ. “Қазір адам саудасының айналымы 270 миллиард долларға жеткен. Тіпті есірткі бизнесінен асып түсіп отыр. Сұмдық! Бұл түсінікке құлдық та, ағза мүшелерінің саудасы да, қайыр сұрау, жезөкшелік те кіреді. Яғни бұл – адамның материалдық, психологиялық немесе өзге де тәуелділігін пайдалана отырып, қанау. Ол жұмыссыз, баспанасыз, не құжаты жоқ кісі болуы мүмкін. Сондықтан "адам саудасының ықтимал құрбаны" деген жаңа ұғым енгізіліп отыр”, – деді парламент мәжілісінің депутаты Марат Башимов.Сондай-ақ былтыр адам сатуға байланысты 19 дерек анықталған. Сәйкесінше, әр фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, басым бөлігі бойынша шешім шығарылған. Нәресте саудасы үшін шамамен 16-17 адам жазаланған. Қыздарды шетелдік притондарға сатқан 17 адам жауапқа тартылды. Сәбилер мен кәмелет жасына толмағандарды саудалағаны үшін қылмыскер 18 жылға сотталады.“Биыл сәби саудасына қатысты үш дерек тіркеліп отыр. Бәрі дерлік Қазақстан аумағында болған. Саудаға түскен сәбилерге қойған баға 100 мың теңгеден бастап, 2 миллион теңгеге дейін барады”, – деп мәлімдеді ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев.Адам саудасына қарсы іс-қимыл органдарының әрекеттесу қағидаларын реттеу жоспарланып отыр. Құлдық пен жезөкшелік құрбандарына қажет көмек көрсетілуі үшін әлеуметтік арнаулы қызметтер ұсынылады. Жаңа заң жобасына сәйкес адам саудасына байланысты қылмыстарға қатысушылардың татуласу мүмкіндігі жойылады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Атырауда төрт жасар бала 10-қабаттан құлап кетті
Ақтөбе облысында тұрғын үй өртенді
Астанада экоакция кезінде 500 тоннадан астам қоқыс шығарылды
Почему мажилисмены поменяли отношение к закону об игорном бизнесе? Букмекеры подают в суд на депутата
2637 медицина қызметкері марапатталды
«Тас жол жоқ»: Тоқаев туризм саласының кемшіліктерін жіпке тізді
Жаңаөзенде жантүршігерлік жол апаты болды: зардап шеккендер бар
Асу Алмабаев UFC-де тағы жеңіске жетті
Әскерилер соғыс ардагері Шәңгерей Жәнібековті ғасырлық мерейтойымен құттықтады
Достарымен шомылуға барған: Павлодарда 10 жастағы бала іздестіріліп жатыр
Шілдеден бастап қазақстандық студенттердің шәкіртақылары қалай өседі?
Синоптиктер елдің басым бөлігінде ыстық болатынын ескертті
Ресей санкцияларын айналып өтіп тауар жеткізу туралы аййтылды
Астанада экоакция кезінде 500 тоннадан астам қоқыс шығарылды
Алматыда Мұрат Әуезовпен қоштасу рәсімі өтті
Ақтөбе облысында жүк көлігі түгі қалмай өртеніп кетті
Ақтөбе облысында жүк көлігі өртенді
Қостанай облысында екі жасөспірім қыз өзенге батып кетті
Ақтауда түнгі клубтан шыққандар қан-жоса болғанша төбелескен
"Қолында тапаншасы бар". Талдықорғанда демалыс орнында төбелес болды
Атырауда төрт жасар бала 10-қабаттан құлап кетті
Түркістан облысында шегірткеден қорғау шаралары аяқталды
Ақтөбе облысында тұрғын үй өртенді
Оралда базарда газ баллоны жарылды: 10 адам зардап шекті