Елімізде есірткі өндіретіндер өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында есірткіге қарсы іс-қимыл жүйесін жетілдіруге бағытталған құжат бірінші оқылымда қаралды. Осы заң жобасы аясында есірткі өндіретіндерді және есірткі зертханаларын құрғандарды өмір бойына бас бостандығынан айыру ұсынылды.«Біз осы заң жобасына қолдау білдірдік, себебі қазіргі жағдай жазаны күшейтуді талап етіп отыр. Енді жазаны саралау ұсынылып отыр. Елімізде қазір есірткіні жасыратындар есірткі өндірушімен бірдей жаза алады. Бұл заң талаптарын күшейтсек, бізде сараланған жаза енгізіліп, есірткі өндіретіндер 15 жылдан өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына тартылуы мүмкін. Яғни есірткі жасыратындарға қатысты бұрынғы жауапкершілік сақталады, ал зертхана құрғандарға жаза күшейтілмек. Заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Енді бұл ұсыныстар талқыланады», - деді Ішкі істер министрінің орынбасары Айдос Рысбаев. Оның айтуынша, елімізде жалпы 36 мың адам түрмеде отыр. Соның 4 мыңнан астамы есірткі қылмысына қатысты жазасын өтеп жатыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Бектенов қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасының маңызын атап өтті
Түркиялық БАҚ-та апатқа ұшыраған ұшаққа қатысты тың дерек шықты
Ақтау маңына құлаған ұшақтың конструкцияларын бөлшектеу жұмыстары басталды
Қазақстанда шаштараз және сұлулық салондарының қызметтері қымбаттады
Брокколи мен қырыққабат аллергияның алдын алады
Екі банктің байқауының жеңімпазы бір адам болып шықты
Паралимпиада чемпионы Давид Дегтярев үйленді
Алматы мен Қарағанды қалаларында үстел теннисінен ашық командалық чемпионаттың қорытынды кезеңі өтеді
2024-2028 жылдарға арналған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын іске асыру барысы қаралды
Алматыда шетел азаматы жолаушыларды заңсыз тасымалдаған
Алматыда «Біз қалай сөйлейміз?» кітабының тұсаукесері өтті
Қазақстанда жеке тасымалдаушыларға күнделікті медициналық және техникалық тексеруден өту бойынша жаңа талаптар күшіне енеді
Дубайда семсерлесуден Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиыны аяқталды
2025 жылдың 2-тоқсанында «Штадлер Қазақстан» зауытында жолаушылар вагондары өндірісі іске қосылады
Алматыда заңсыз sim-box құрылғысымен шетелдік азамат ұсталды
Елімізде тәртіпті бұзған алты судья қызметінен босатылды
Маңғыстаулықтар зардап шеккен әзербайжандықтарды шығарып салды
Ұшақ апатынан қаза тапқан 38 адамның 10-ын туыстары танып, жеке басы анықталды
Алматы облысында алаяқтардың 200-ден астам сайты бұғатталды
2025 жылы елордада жолаушылар вагондарының өндірісі іске қосылады
Тимур Мұратов ұшақ апатынан зардап шеккен науқастардың жағдайы туралы айтты
Ештеңені растай да, жоққа шығара да алмаймыз - Бозымбаев ұшақ апаты туралы
Сенатор Нұрия Ниязова: "Медеу" мұз айдынына ерекше мәртебе берілуі тиіс
Қазақстандық спорт жұлдызы шаңырақ көтерді (ВИДЕО)