Елімізде фармацевтика саласында 97 өндіруші жұмыс істеп жатыр

 Фармацевтика саласында отандық тауар өндірушілер үлесі 162,6 млрд теңгені құрап отыр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев айтты.«Бүгінгі таңда елімізде фармацевтика саласында 97 өндіруші жұмыс істеп жатыр. Оның 34-і - дәрілік заттар шығарумен айналысса, 41-і медициналық мақсаттағы заттарды, 22-сі медициналық техника жасауды меңгерген», - деді Ж. Бүркітбаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында. Оның айтуынша, еліміздегі фармацевтика саласы ақшалай эквивалентте 863 млрд теңгені құрап отыр. Соның арасында отандық тауар өндірушілер үлесі 162,6 млрд теңгені құрады. «2022 жылы жергілікті фармацевтикалық нарықтағы отандық өндірістің үлесі 19 пайызды, импорттық өнім 81 пайызды құрады», - деді вице-министр. Айта кетейік, 2021 жылғы Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев фармацевтика өнеркәсібіне ерекше көңіл бөлуді тапсырды. «Біздегі дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтың 17 пайызы ғана – отандық өнім. 2025 жылы оны 50 пайызға жеткізу қажет», - деді Президент.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Әнші Ayree сүйіктісімен мешітте некесін қидырды
Қалай eGov Mobile қосымшасы арқылы газға қосылу үшін өтініш беруге болады?
Ауылдан – Алматыға!
Австралияда әйгілі қолтырауын өмірден озды
Үлкен астероид жерге жақындап келеді
Telegram алғаш рет бір миллиард доллардан астам табыс тапты
Доллардың бағамы сәл төмендеді
Компьютерлік клубтан 121 миллион жымқырған астаналық сотталды
Зомбылық түбі – қорлық
Тұман, көктайғақ: 24 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Бүгінгі валюта бағамы белгілі болды
Фариза кредосы: адамдықтан айныма
Ауылдан – Алматыға!
Қарағандыда автобус өртенді
Жетісу облысында әлеуметтік осал топтағы 57 отбасы үйлі болды
Депутаттар есеп берді
Алматы облысында жантүршігерлік апаттан 4 адам қаза тапты: тергеу жүріп жатыр
Көлік-логистикалық әлеуетті дамыту өзекті
Жәрмеңке өнімдері сұранысқа ие
«Алтын сақа» орталығына барды
Алматының Арбаты Карнаби көшесінің стилінде безендірілді
Қазақстан су тасқыны кезеңіне дайын ба?
Алматыда 250-ден аса көшеде орташа жөндеу жұмысы жүргізілді
Коммуналдық секторды жаңғырту жобасы мақұлданды