Елімізде фастфуд бағасы бір жылда 16%-ға қымбаттады

Елімізде фастфуд бағасы бір жылда 16%-ға қымбаттады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді. Бірақ жұрт оған қарап жатқан жоқ. Көшеден жеңіл-желпі тағам жейтіндер көп. Адамды өзіне құмар қылған бұл дәмнің не ерекшелігі бар? Дәрібек Бахытбек зерттеді.Дәрібек БАХЫТБЕК, ТІЛШІ: Соңғы рет үйден қашан тамақтанғаным есімде жоқ. Үш мезгіл асымды да сыртта ішемін. Тамақтану орнын таңдап әуреге түспеймін. Бірден фасд-фудқа келемін. Қарным тойғанша жеймін. Бұл асқа неге құмартып алғанымды білмеймін. /Есептеп жіберсеңіз/ Бағасы қымбаттап кеткен ба? Сонда да бұл астан бас тартпайтын шығармын. Көп адам көшеден тамақтанады. Тез дайындалатындықтан бәріне осы қолайлы. Бағасына ешкім мән бермейді. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Сэндвич не заведенияда донер анау-мынау, балалармен шыққанда. Үйдің тамағынан шаршағанда ғой. - Аптасына 1-2 рет. Фри көбінесе бургермен, фри комбомен аламыз ғой ылғи. - Мен күніне 3 рет барамын. Білмеймін, үйден тамақтанбаймын. Тез дайындалады, сосын қолайлы. Ал диетологтар фастфуд құрамында дәмдеуіш көп екенін айтады. Сондықтан қанша жесең де тоймайсың. Тез тамақ дайындайтын өндірушілердің өз рецептерін қатаң құпияда сақтауы тегін емес. Ол бәріне мәлім болса, фастфудқа құмар адам азаяды немесе олар мұндай тағамнан бас тартар еді. Жасанды дәмі тіл үйірсе де ағзаға тигізер пайдасы жоқ. Соңы семіздікке және қатерлі ісікке әкелуі мүмкін. Арман ӘЛІБЕКОВ, ДИЕТОЛОГ: Калорияның көп болуы ағзаға теріс әсерін береді. Ол семіздікке алып келуі мүмкін. Семіздік - бұл жалпы дүниежүзілік деңгейде өзекті мәселелердің бірі. Адам ағзасына көптеген кері әсері бар семіздіктің бұл. Жүрекке де жанағы өзінің ауырлығын тигізеді. Тамыр жүйелеріне жалпы адамның өзінің жүрісіне тіпті сүйек буындарына қатты әсерін тигізеді. Көпшілік фастфудты көп тұтынғандықтан бағасы бір жылда 16%-ға қымбаттады. Әсіресе БҚО, СҚО, Атырау, Жамбыл облыстарында және Шымкент қаласында өсім байқалады. Қазақ тағамтану академиясы бірқатар зерттеу жүргізген. Жылдам даярланатын фастфуд балалар арасында артық салмақ қосып, диабет, жүрек, қан тамырлары ауруына шалдыққандар санын соңғы кезде айтарлықтай өсірген. Әрбір үшінші оқушының салмағы артық.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«ҚФФ-ның жаңа басшысы қазақ тілін білуі тиіс»: ол Черчесовтен құтыла ма?
Ақтау маңында жол апаты болып, 7 адам ауруханаға жеткізілді
Бүгін еліміздің бірнеше өңірінде қар жауып, көктайғақ болады
Алматыда XII Халықаралық «Бастау» кинофестивалі мәресіне жетті
«Елімнің бақытын тербеген Тәуелсіздік»
ҒЫЛЫМ – МӘҢГІЛІК МҰРА
Өскеменде бір айдан астам уақыт бұрын жоғалған жас қыздың денесі табылды
Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен 19 жастағы қыздың мәйіті табылды
Жамбыл облысында қоғамдық моншада өрт шықты
Астанадағы даңғылдың бірі 30 желтоқсанға дейін жартылай жабылды
Астанадан 1 млн текше метрден астам қар шығарылды
Астанада Қабанбай батыр даңғылының бір бөлігі жабылды
Астана даңғылдарының бірі 2 аптаға жартылай жабылды
Аралас жүзуден эстафеталық сайыстағы жаңа рекорд
Алакөлде қар құрсауынан 6 адам құтқарылды
Марқұм Шерзаттың ағасы көз жұмды, әкесі қамауда отыр. Енді не болмақ?
Абай облысында полицей өртенген үйден әйел адамды құтқарып қалды
Абай облысында екпіні күшті желден жүк көлігінің тіркемесі аударып қалды: 15 желтоқсан 2024, 10:22 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Еліміздегі ардагерлік ұйымдар жастар тәрбиесіне басымдық беруде
«Бурабай» ұлттық паркіне кіру тәртібі өзгерді
Абай облысында екпіні күшті жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді
Бүгін – Қазақстан энергетиктері өздерінің кәсіби мерекесі
«Кәсібінің үздігі» республикалық конкурсының қорытындысын жариялады
Қарағанды-Астана тасжолында 700-ден аса көлік кептелісте қалды (ВИДЕО)