Елімізде газ өңдеу зауыттарын салу жоспарлануда

Экономиканың өсуін ескере отырып, жыл сайын тауарлық газды тұтынудың ұлғаюы байқалады. Аталған мәселені ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр көтерді.«Егер 2017 жылы бұл көрсеткіш шамамен 14 млрд текше метрді құраса, өткен жылдың қорытындысы бойынша 19 млрд текше метрді асты. Сондықтан газдың ресурстық базасын ұлғайтумен қатар оны қайта өңдеу қуатын арттыру маңызды. Бұл үшін бірқатар газ өңдеу зауыттарының құрылысы жоспарланып отыр», - деді Роман Скляр Энергетика министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында. Вице-премьер атап өткендей, 2023 жылы аяқталуы тиіс Қашағандағы зауыттың 1-ші кезеңінің құрылысы баяу жүріп жатыр. «2-кезең тұжырымдамасы бойынша әлі түпкілікті шешім қабылданған жоқ. Сондай-ақ, Қарашығанақта мұнай өндіру зауытын салу бойынша да шешім жоқ», - дейді Р. Скляр. Бұған дейін Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Энергетика министрі Болат Ақшолақовқа АЭС-тің базалық жобасын биыл аяқтауды тапсырған еді. Одан бөлек, Роман Скляр биыл 1 сәуірге дейін жылу электр орталықтары мен жылу желілеріне аудит жүргізуді аяқтауды жүктеді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Күйеуі қайда қарап отыр»: Психолог әйелдерге іш киімсіз жүруге кеңес берді (ВИДЕО)
Астанада 700-ден астам автобус желіге шықты
Қазақстандық Еуропада жылдың үздік ойыншысы атанды
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
«Біз монополист емеспіз»
Тағы бір креативті хаб Ұлытау облысында ашылды
Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа шығады
Шыршаны безендіру дау-дамайдан кейін Семейде әкім ауысты
Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
«Орда» деп барып опық жеді
Қазақстан Климаттық инвестициялық қордың (CIF) таза технологиялар қоры (CTF) комитетінің мүшесі болып сайланды
Картоп көш бастап тұр...
«Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы» бекітілді 
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті
Жасыл технологиялар – болашақтың негізі
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Жұмыс орнында қызметкерлердің орындықпен қамтамасыз етілуі заңмен қадағаланады
Денсаулық сақтау министрі Алматы жұртшылығымен кездесті