Елімізде гүл бағасы сегіз есе қымбаттады

Елімізде гүл бағасы сегіз есе қымбаттады. Әсіресе, қазір мереке қарсаңында баға шарықтап тұр. Өңірлер бойынша бағаның ең жоғары өсімі Қарағанды облысында байқалды. Бірден 40 пайызға көтерілген. Алматы облысында және Астанада да өсім бар. Айдана ҚАЙРАТ, ТІЛШІ: Мереке қарсаңында гүл сататын дүкендердің жұмысы қызып жатыр. Флористер таңның атысынан кештің батысына дейін осындай түрлі композицияларды жасауда. Бірақ, биыл гүл біршама қымбаттаған. Алайда оған қарап жатқан ешкім жоқ сияқты. Сатып алушы көп. БЛИЦ-САУАЛНАМА: -   Гүл алған жақсы әрине, приятно. Әйелдерпдің өзінің мерекесі болғаннан кейін. -   Гүл десе жаны қалмайды ғой-   Маған бүкіл гүлдер ұнайды, гүл алғым келеді Былтыр елімізге құны 61 млн доллар болатын кесілген гүл мен гүл түйнегі импортталды. Негізінен Еуропа, Оңтүстік Америка және Африкадан әкелінген. Экспорттаушы мемлекеттер гүлдің бағасын мереке қарсаңында көтереді дейді – кәсіпкерлер. Әділ ТАСБОЛАТ,  ГҮЛ ДҮКЕНДЕРІ ЖЕЛІСІНІҢ ИЕСІ:Біз бағаны гүлдердің өзіндік құнына қарай белгілейміз. Әуе тасымалы мен логистика қымбаттап барады. Оның үстіне Эквадор, Колумбия сияқты гүл эскпорттаушылар гүлдің бағасын 14 ақпанға дейін көтереді. Себебі әлем елдерінің көбінде Валентин күні тойланады. Сондықтан бізге тауар 8 наурызға дейін де қымбат бағамен келеді. Мұндай үрдіс наурыздың ортасына дейін жалғасады. Қаңтарда базарларда раушан гүлінің бір талы 946 теңгеден сатылды. Ең қымбаты Абай облысында. Онан соң Қостанай және Шығыс Қазақстан облысы Ең арзан раушан гүлдері Шымкентте. Биыл раушан гүлдері мен қызғалдақтарға тапсырыс берушілер көп дейді – гүл сатушылар. Айдана, ФЛОРИСТ:Сегізінші наурыз әйелдер мерекесі болғандықтан көбінесе қызғалдақтарға көп тапсырыс түседі. Сонымен қатар раушан гүлдеріне де жиі тапсырыс болады. Әркімнің талғамына байланысты гүл шоқтарын әзірлейміз. Үлкен гүл шоқтарын алу міндетті емес. Адамдар жағдайына қарай тапсырыс береді, ең бастысы көңіл. Қазақстанда да гүл өседі. Былтыр 17,6 млн гүл жиналған. Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне раушан, қалампыр және хризантема бүршіктері жіберілді. Сонымен қатар орхидея және гүлдеп келе жатқан гиацинт, нарцисс және қызғалдақ жиі экспортталады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстандық спортшылар қысқы универсиадаға жол тартты
Алматының индустриалды аймағында 10 жаңа жоба жүзеге асты
Бір қаланың оқушылары қашықтан оқуға ауыстырылды
Елімізде -27°C-қа дейін күн суытады
Лос-Анджелесте өрт қоюшы күдікті ұсталды
ПАТОЛОГИЯСЫ БАР БАЛАЛАРҒА БІЛІКТІ КӨМЕК
Доллар бағамы тағы көтерілді
Тарихи алтын: Дінмұхаммед Райымқұлов фристайл-акробатикадан жеңімпаз атанды
Қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау – маңызы зор мамандық
Алматыда есептеу құралдары жоқ тұрғындарға суды тұтыну нормалары өзгерді
Енді елімізде дәрі QR-код арқылы беріледі
Президент Нұрлан Сауранбаевты қабылдады
Мектеп асханаларында тұз бен қант мөлшері азайтылады
Алматыда полиция есірткіге қарсы әлеуметтік жарнаманы шығарды
Криштиану Роналду 2026 жылғы Әлем чемпионатына қатысты жауап берді
Криштиану Роналду: Еурода ойнағым келеді
Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері өзгерді
Калифорниядағы Болашақ стипендиаттары қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырылды
Президент әлемге белгілі кәсіпкер және жасанды интеллект саласындағы сарапшы Ли Кай-Фуды қабылдады
Комментарийдің жазасы
Тоқаев Мағауиннің отбасына көңіл айтты
180 млн-нан 1,5 млрд теңгеге дейінгі шығындар: Қазақстанның ең тиімсіз мемлекеттік компаниялары
Қазақстанда биыл жинақтаушы зейнетақы өседі
Алматыда трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері сотталды