Қазақстан халқының саны 19,9 млн адамды құрады, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 1,41%-ға артық.Finprom.kz жазуынша, жыл басына қарай елімізде 19,8 миллион адам болса, жылдық өсім 1,35 пайызды құрады. Жалпы алғанда, ел халқының өсу қарқыны 1,28%-1,49% деңгейінде тұр. Тек 2022 жылы алғаш рет халық санының 3,3% өсімі тіркелді. «1 қыркүйектегі жағдай бойынша халық саны жағынна Алматы қаласы (2,2 млн адам), Түркістан (2,1 млн адам) және Алматы (1,5 млн адам) облыстары алдыңғы орында тұр. Халық саны өсімі ең аз тіркелген өңірлер Ұлытау (221,5 мың), Солтүстік Қазақстан (531,7 мың) және Абай облыстары (608,9 мың) болып отыр», - дейді сарапшылар. Сонымен қатар бірқатар облыста – Солтүстік Қазақстан, Абай, Жетісу, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында халық санының азайғаны байқалды. «Гендерлік көрсеткіш бойынша жыл басында ерлер саны бір жылда 1,4%-ға өсіп, 9,6 млн адамға, әйелдер саны 1,3%-ға өсіп, 10,1 млн адамға жетті», - делінген зерттеуде. Әйелдердің жалпы саны ерлер санынан 4,9%-ға көп. «Ел халқының 35,5%-ын 18 жасқа дейінгі балалар құрайды: шамамен 7 млн. Елде 29 жасқа дейінгі 2,7 миллион ересек бар. 60 пен 69 жас аралығындағы халық саны 1,6 млн адамды, 70 пен 79 жас аралығындағылар – 681,6 мың адамды, 80 жастан асқандар 317,3 мың адамды құрады», - делінген статистикада.