Елімізде инсульт пен инфарктан өлім-жітім азайды

Қазақстанда жыл басынан бері қанайналым жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім 8,5%, оның ішінде жүректің ишемиялық ауруы 12%, жіті миокард инфарктісі 4,6%, стенокардия 10%, инсульт-13,5% төмендеді,-деп жазады Қазақпарат. Бұл ретте өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда ашық жүрекке жасалатын операциялар саны еліміз бойынша 7,1% өсті. Жыл басынан бері 6 148 ашық жүрекке операция жасалды, жүрекке интервенциялық араласулар саны 14% артып, 55 000-нан астам араласуды құрады, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6 500-ге өсті. "Республикада алғаш рет Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықтың базасында ауыр созылмалы жүрек жеткіліксіздігі (СЖЖ) бар пациенттерді емдеу үшін бірегей жоғары технологиялық кардиохирургиялық операциялар енгізілді. Мұндай операцияларға қанайналымын ұзақ механикалық қолдау құрылғысын – жүректің жасанды сол жақ қарыншасын имплантаттау жатады. 10 жылдың ішінде кардиохирургия орталығына осындай 460 құрылғы имплантатталды, тек биылғы жылы 18 пациент кіріктірілген аппараттардың арқасында өмір сүру мүмкіндігіне ие болды",-деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.Қазақстанда барлығы 13 кардиохирургиялық орталықта/бөлімшеде 602 қолқа қақпақшасын имплантаттау жүргізілді. Оның ішінде 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында 80 транскатетерлік TAVI қолқа қақпақшасын имплантаттау орындалды. Қазақстан - Орталық Азиядағы жүрек пен өкпені трансплантаттау жүргізілетін жалғыз ел. Кейінгі 10 жылда ҰҒКО базасында донорлық жүректі трансплантаттау бойынша 86 операция жасалды. Сонымен қатар биыл шілде айында алғаш рет "Шымкент жүрек орталығы" КеАҚ және "Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты" АҚ қабырғаларында екі пациентке жүректі трансплантаттау сәтті жүргізілді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Есте сақтау қабілетін жақсартатын ең оңай тәсіл белгілі болды
Өскеменде бір ай бұрын жоғалған 19 жастағы қыздың денесі табылды
Өскеменде бір ай бұрын жоғалған 19 жастағы қыздың денесі табылды
Бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Астанада Бибігүл Төлегенованың 95 жасқа толуына орай салтанатты концерт өтті
Есте сақтау қабілетін жақсартатын ең оңай тәсіл белгілі болды
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Алматы облысына барды
«Көзімнің тірісінде күйеуге шыққанын көргім келеді»: Мақпал Жүнісова арманын айтты
Алматыға жақын маңда жер сілкінді
ММА-дан әлем чемпионаты: Ақтөбелік полицей финалда техникалық нокаутпен жеңіске жетті
Алматыдан 88 шақырым аумақта жер сілкінді
Алматы маңында жер сілкінді
Алматыдан 88 шақырым жерде жер сілкінді
Ер адамдар неге көзге шөп салады? Психолог жауабы
Қазақстан құрамасы шайбалы хоккейден Олимпиадаға іріктеу кезеңін жеңіспен аяқтады
Ақмола облысында тұрғын үй өртенді
Көктөбеде мерекелік рух асқақтап тұр
Бақыт Сәрсекбаев: "Олимпиаданы жеңгенде өзбектер қатты өкінді"
Елордада бір сәтте 700 оқушы патриоттық әнді шырқады
Тар киім кию қатерлі ісіктің пайда болуына әкелетіні рас па?
2025 жылы туристер үшін ең қауіпсіз болатын 7 ел
Павлодар облысында жылыту пункттері 10 мың адамды қабылдауға дайын
Ауа райының бұзылуына байланысты Түркістан, Жамбыл облыстарында жол жабылады