Елімізде ит-мысықтарды чиптеу жұмысы басталады

Еліміздегі барлық ит пен мысыққа чип салынады. Мамандардың айтуынша, бұл арнайы құрылғыда үй жануары туралы бүкіл дерек сақталады. Тіпті жоғалған ит-мысықты тауып, анықтау ісі жеңілдейді. Бірақ бұл бастамаға қарсылар да бар. Толығырақ тілшіміздің материалында.  Иненің ұшындағы титімдей чип жануардың жонынан енгізіледі. Мамандардың айтуынша, бұл микрочипте ит пен мысық туралы керек деректің бәрі, тіпті қандай ауруға шалдыққаны сақталады, әрі "иесінің" қозғалысына кедергі келтірмейтін көрінеді. Чиптегі мәлімет арнайы сканермен оқылады. Еркін КАРИН, ТІЛШІ:  Қазір орталықта небары төрт мысық бар. Олардың екеуіне көз алдымызда чип салынды, ал қалған екеуіне енді салынады. Содан кейін олар бұрынғы мекеніне қайта жіберіледі. Қыркүйектегі бастаманы күтпей, ит-мысығын чиптеуге асыққан оралдықтарды мамандар құптап отыр. Айтуынша, бұл ветеринарлардың жұмысын жеңілдетеді. Бекжасар СИДИХОВ, ВЕТЕРИНАРЛЫҚ СТАНЦИЯ ДИРЕКТОРЫ:  Мысалы, 6 мың ит бар ма Орал қаласында, 6 мың итке вакцина алады. Көрдіңіз бе? Ол 6 мыңнан көп болатынын, аз болатынын қайдан біледі? Соның бәрі учетта болатын болса, ветеринар уже өзінің жұмысын жоспарлайды. 12 мың вакцина керек, 20 мың ангельметик керек, тағы сол сияқты. Дегенмен бастамаға қарсы пікірдегілер де бар. Олардың айтуынша, бұл -қосымша шығын. Евгений МАКСИМОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:  Мысалы, менің алабай тұқымды дәу итім бар. Мен секілді саяжайда тұратындар мұндай үлкен иттерді ермек үшін емес, үйін күзету үшін ұстайды. Бірақ мұндай ірі төбетте дәрігерге апару аз шығын емес. Таксиге қимаған теңгеңді ветеринардың үйге келуі үшін төлеуге тура келеді. Бірақ бүкіл екпелерін уақытылы алдық. Бізді қинап отырғаны осы ғана. Оралда көше кезген бұралқы иттердің саны 6 мыңнан асқан. Бұған қоса, тұрғындар ұстайтын 11 мың төбет тіркеуге алынған, ал мысық саны 500-ге жетпейді. Нұрлан РАҚЫМЖАНОВ, БҚО ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Қауып алған жағдайда адамды иесі бар иттер тіркелген болса, чиптелген болса, оны тауып алуға жеңіл немесе мысықтар жоғалып кетеді, т.б. сондай-сондай мәселелер. Сосын тиісті привикаларын алады, т.т. учетта болғаны жақсы, ауру да тарап кетуі мүмкін. Тұрғындар үйіндегі ит-мысығына орнатылатын чипке өзі ақы төлейді. Бұған 2 жарым мың теңгесін қимағандар айыппұл төлейді. Ал жағдайы жоқтарға бұл қызмет тегін жасалмақ.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматы құтқарушылары техникалық қызмет көрсету станциясындағы өртті сөндірді
Қазақстан спортшысы Артем Антропов ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды
950 жылдық теңдессіз туынды
Жетісу облысында екі адам қар құрсауынан құтқарылды
“Тәуелді болғым келмеді“. Сырым Исабаева өнерден алыстау себебін түсіндірді
“Тәуелді болғым келмеді“. Сырым Исабаев өнерден алыстау себебін түсіндірді
Орманшы болу оңай жұмыс емес
Хореография Академиясында Вадим Рзаевтың шеберлік сыныбы өтті
Тәуелсіздік – басты құндылық
Мұз қатып қалған көлік құлпын қалай ашуға болады
Маңғыстауда Тәуелсіздік күні қарсаңында 50-ден астам іс-шара ұйымдастырылады
Жүйрікте де жүйрік бар
Көктайғақ, тұман, бұрқасын: Алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды
Еңбеккерді қорғау – елдікті қолдау
Түркістанда 508 отбасы баспаналы болды
“Ұйқыны бұзатын тағамдар“. Қандай өнімнен бас тартқан дұрыс?
Ойланып алған несие орға жықпас
Қазақстан Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық жеткізді
Гүлмира Қобыландина, пластикалық хирург: Табиғилықтан ауытқығанда, сұлулық сөнеді
Алматы құтқарушылары техникалық қызмет көрсету станциясындағы өртті сөндірді
Ақмола облысында екі бірдей өрт сөндірілді
10 жыл бойы іздеуде жүрген күдікті ұсталды
Орталық төңірегіндегі тартыс
Мейірбек Сұлтанхан, ақын, «Алтын домбыра» иегері: Керегі мен кебегін халық өзі ажыратып алады