Елімізде жаңа жол белгілері бекітілді

Әңгіме ағымдағы жылдың 1 мамырында қолданысқа енгізілетін ҚР СТ 1412-2017 «Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдары» ұлттық стандартына өзгерістер мен толықтырулар туралы болып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті мен ҚР СИМ ТРМК Қазақстан стандарттау және метрология институты әзірлеген осы өзгерістер жолдардағы қауіпсіздікті арттыруға және жол қозғалысының барлық қатысушыларына қолайлылықты қамтамасыз етуге бағытталған. Негізгі жаңалықтардан: 1. Міндетті айырым белгісі: гибридті қоспағанда, барлық электромобильдер қолдануға тиіс «Электромобиль» белгісі. 2. Жаңа жол белгілерін енгізу: - Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мүмкін болатын авариялық жағдайлардың алдын алу үшін тротуарларға орнату жоспарланған «Электр самокаттарда жүруге тыйым салынады»; -«Диагональды жаяу жүргіншілер өткелі»; - «Қарама-қарсы жүріс бөлігіне қайта ауысу»; - «Қарама-қарсы жүріс бөлігінің соңы». Мүгедектігі бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдар үшін, сондай-ақ осындай адамдарды тасымалдайтындар үшін жол инфрақұрылымының қолжетімділігі көзделгенін ерекше атап өткім келеді. Осы белгілердің кейбірі Алматы және Астана қалаларында тестілік режимде енгізілді және өз тиімділігін көрсетті, - деп жазылған хабарламада.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстанның 2024 жылғы ең үздік жас шахматшылары анықталды
2025 жылы Қазақстанда тағы 10 жол ақылы болады
Маңғыстау облысында 600 адам балық аулаумен айналысады
Қазақстанда қатерлі ісікті ерте диагностикалауға арналған үш бірегей радиофармпрепарат шығарыла бастады
2025 жылы Қазақстанда тағы 10 жол ақылы болады
Қостанай облысында жолаушылар мінген автокөлік қар құрсауында қалып қойды
Маңғыстау облысында 600 адам балық аулаумен айналысады
Атырауда балық шабақтары қырылып жатыр
IX Қысқы Азия ойындары: министрлік ұлттық құраманың спорттық формасын таныстырды
Қазақстанның 2024 жылғы ең үздік жас шахматшылары анықталды
Әнші Ернар Айдардың әкесі өмірден өтті
Қанат Шарлапаев Атыраудағы вагон жасайтын зауыттың қызметімен танысты
Жаңа жылдық жұмыс: Аяз ата мен Ақшақарлардың табысы қанша?
Мұрат Нұртілеу Кипрдің сыртқы істер министрімен сөйлесті
Ақтөбе облысының құтқарушылары далада адасып кеткен жұмысшыны бір тәулік бойы іздеді
Абай облысында үздік педагогтар марапатталды
Балалар колониясында шырша мерекесі өтті
Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік бастама бастау алды
Ұлытау облысында жедел жәрдем көлігі қар құрсауында қалып қойды
Семейде зейнеткерді көлік қағып кетті
Бес баланың анасы Әйгерім Сәттібаеваға 5 млн теңге табысталды
Астанада полицейлер күшейтілген режимге ауысты
Төрт Қазақстан спортшысы шаңғымен трамплиннен секіруден Құрлықтық кубокта өнер көрсетеді
Бюджет қаражатын ысырап еткендерге сот үкімі шықты